24 Наурыз 2022 1827 0
Қалалықтар қаперінеӘЗ-НАУРЫЗ БҚО-ДА КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ
Ұлыстың ұлы күні – «Әз-Наурыз мейрамы» Батыс Қазақстан облысында кеңінен аталып өтті.
Облыс орталығының Тұңғыш Президент алаңында киіз үйлер тігіліп, әрқайсысында ұлттық салт-дәстүрлердің көріністері қойылды. Сондай-ақ, Қазыбек би көшесі бойында ұлттық тағамдар халыққа ұсынылып (наурыз көже, бауырсақ), қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті.
Алаңның екі жағына алтыбақандар қойылып, қаламыздың жастары алтыбақан аясында домбырамен ән салып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал, арнайы ұйымдастырылған спорт алаңында әртүрлі ұлттық ойындар бойынша (қазақша күрес, арқан тарту, қол күрестіру, асық ату т.б.) сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
Мерекелік шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, Ақжайық өңірінің тұрғындарына ізгі тілегін білдірді.
«Ата-бабамыздың танымында жыл мезгілдерінің ауысуында ерекше астарлы мән-мағына бар. Қыстан жан мен мал аман шығуының өзі – дала жұрты үшін үлкен бақыт, асқан береке саналған. Көктеуге көшкендегі қуаныш үлкен тойға ұласып отырғандығы содан да болар. Наурыз адам мен табиғаттың «жаңаруы», жаңа өмірдің бастамасы ретінде қабылданған. Халқымыз Наурызды «өзгерістер өзегі» деп түсінген. Осынау ұлы мереке қарсаңында күні кеше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын арнап, елдің саяси реформаларына қатысты жаңа міндеттерді тапсырды. Баршаңызды Президентіміздің тың бастамаларын қолдап, жаңа ел құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Жаңа жылымызда жаңа бағыт алып, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Еліміздің мерейін өсіріп, ұлттық болмысымызды айшықтайтын Наурыз мерекесі Сіздерге шексіз қуаныш пен бақыт, құт-береке мен молшылық әкелсін!» – деді құттықтау сөзінде өңір басшысы Ғали Есқалиев.
Соңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
56 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
121 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
151 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
461 0

Кіру
Пікір үстеу