8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2022 10760 0
Өзек

БҚО-ДА 2015 ЖЫЛҒЫ БАЛА СЕПТИККЕ ҚҰЛАП КЕТТІ

Оқиға бүгін, 8 ақпан күні орын алды.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 101 пультіне сағат 13.38-де Теректі ауданы, Подстепное аулылы, Лесная 40 мекенжайында кішкентай баланың септик шахтасына түсіп кеткені жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар аталған мекенжайда 2015 жылы туған кішкентай ер бала ойнап жүріп, жаңадан салынып жатқан үйдің ауласындағы септик шахтасына түсіп кеткенін анықтады.

Жедел құтқару жасағының  бас құтқарушысы Тимур Бегалиев  бастаған төрт құтқарушы әлі іске қосылмаған құрғақ септиктің шахтасында жатқан баланы альпинисттік құрылғылардың көмегімен тез арада құтқарып алып, жедел жәрдем қызметіне берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі  уақыттта бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған.

– Бала бас пен мидың жабық жарақатын алған. Миы соғылған. Төбе сүйегі сынған. Жағдайы ауыр, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының  баспасөз қызметі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
23 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
136 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
193 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
257 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
289 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»