8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қаңтар 2022 2060 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАНҒА ҚУАТ СЫЙЛАДЫ

Қаңтардың 19-ы күні Православ христиандарының мерекесіне орай «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымы студенттер мен ата-аналарды таза ауада сергітіп, қызықты демалыс ұйымдастырды. Ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Әйтімов Ақсерік Сарыұлының бастамасымен таза ауада ән салып, би билеп көңілдері жадыраған колледж студенттерінің ата-аналары әрдайым жақсы істердің жаршысы болып жүрген ұйымшыл ұжымға алғыстарын жаудырды.

Алдымен сөз алған «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы жиналғандарды мейірімділік пен жақсылықтың символы саналатын Рождество мерекесімен құттықтады.
– Осы күні реніштер ұмытылып, көмекке зәру жандарға жәрдем көрсетіледі. Елімізде дінаралық татулыққа ерекше мән берілген. Сондықтан аталған мерекенің де маңызы үлкен. Елбасының саясатының арқасында мемлекетіміз сәт сайын дамып, қадамын нық басып келеді. Университетіміздің өркендеуіне православ христиан өкілдерінің де қосып отырған үлесі зор. Сіздерді мерекемен құттықтап, жақсылық пен береке, амандық тілеймін, – деді А.Әйтімов.
Бұл күні далада ыстық сорпа мен шәй ішіп, қазақы кең дастархан басында арқа-жарқа болған көпшілік қыстың шыңылтыр аязын елең қылмады. Әсіресе, оқу орнының жол талғамайтын арнайы Квадроцикл, қарда жүретін көліктеріне кезекпен мініп, жолсыз жүйткіген жандардың қуанышында шек болмады. Көпшілік табиғат аясында тынығып, ой сергітіп, қаланың шуынан алыстап, даланың саф ауасымен кеудені толтыра жұтуға мүмкіндік алды. Күнделікті күйбең тірлікті ұмытты. Бәрі жаппай квадроциклдерді тебуге кезекке тұрды, бірі нұсқаушының көмегін пайдаланса, енді бірі өздіктерімен көлікті лезде меңгеріп алды. Дәл осындай таза ауадағы сәнді демалыс өткен сенбі қайта жалғасып, ата-аналар мен студенттер қыс қызығына кенелді. Бұл жолы да жол талғамайтын квадроцикл, снегоход көліктерін ерттеп мінген серуеншілер бір дамыл таппады. Сондай-ақ тир атып, мергендіктерін де бір сынады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
20 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
135 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
192 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
256 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
288 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
332 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»