8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2021 1685 0
Қоғам

ОРАЛДЫҚ ШЕБЕР ҰСТАЗДАР КӨШБАСШЫ БОЛУДЫҢ СЫРЫМЕН БӨЛІСТІ

Орал қалалық білім беру бөлімі әдістемелік кабинеті мұғалімдерге қолдау көрсетуді басты назарда ұстайды. Соның ішінде әдістемелік кабинеттің «Жас мамандар мектебі» бірлестігі жас ұстаздарға психологиялық қолдау көрсету, кәсіби деңгейлерін жетілдіру, педагогикалық шеберліктерін шыңдау және бағыт-бағдар беруде жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы орайда «Көшбасшы болудың сыры неде?» тақырыбында аға буын – шебер ұстаздармен өткен менторлық сағаттың жас мамандар үшін маңызы, тағылымы мол болды.

Менторлық сағатқа Орал қаласының білім беру жүйесіндегі көшбасшы ұстаздар – Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер педагогі, Білім беру ісінің үздігі, Ерен еңбегі медалінің иегері, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері Гүлзихан Үмбетқызы Тасқарина мен №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер ұстазы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Раухан Жылқыбайқызы Бердіғалиева арнайы шақырылды.

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің базасында ұйымдастырылған шараны білім ұясының басшысы Шынар Октябрьқызы Сағынғалиева ашып, «Жас мамандар мектебінің» жетекшісі Ләззат Құсайынова жүргізді.

Шебер ұстаздар Гүлзихан Үмбетқызы мен Раухан Жылқыбайқызы жас мамандар бойында көшбасшылық қасиеттің қалыптасуы, осы ретте тәлімгердің рөлі, сабақ беруде әдіс-тәсілдерді таңдап, қолдана білу, мұғалім мен оқушының арсындағы қарым-қатынас, дарынды шәкірттермен жұмыс туралы іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби құзыреттілікті арттыруда жас әріптестеріне жігер берді.

Менторлық сағат көшбасшы ұстаздардың шеберлік сабағымен жалғасын тапты. Жас мамандар да белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды.

Тағылымды шараны қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Алима Тасимова қорытындылап, жас мамандарға сәттілік тіледі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
45 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
142 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
197 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
260 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
292 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»