ОРАЛДЫҚ ВОЛОНТЕРЛАР АРДАГЕРЛЕРДІ ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Орал жастары», «Жас Отан» ЖҚ, «Ақжайық жастары», «Жасыл Ел» мен «Студенттік құрылыс жасағының» волонтерлары Орал қаласындғы ҰОС және тыл еңбек ардагерлерін карантин талаптарын сақтай отыра, мекен-жайларына арнайы барып Елорда күні мерекесімен құттықтады.

Волонтерлар ардагерлерге мерекелік құттықтау ашық хаты мен естелік сыйлықтарын табыстады және мерекеге арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Ардагерлеріміз волонтерларға алғысын білдіріп, батасын берді. Ұлы Отан соғысының ардагері Мадрасул Ғайфуллин үстіміздегі жылы 95 жасқа толған. Елорда күнін атамыз татулық пен мейірімнің және келісімнің мерекесі деп біледі.
-Барлық қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтаймын.Бұл мерекенің Қазақстан халқы үшін маңызы зор. Құттықтаушы жастарға алғыстан басқа айтарым жоқ, – деді майдангер.
– Мереке баршамыз үшін керемет әсерлермен басталып жатыр. Біздің ашық аспан аясындағы тыныш, мамыра-жай өміріміз кешегі қиянкесті соғыста елі, жері, келешегі үшін жаумен аянбай арпалысқан ардагерлердің ерлігінің арқасында келді, әрқашанда ардагерлерімізді мақтан тұтып, оларға құрметтеп көрсетіп жүру біздер үшін парыз. Осы орайда, жастар тарапынан атқарылатын игі-істер тоқтап қалмайтынын сенімділікпен айта аламын. Еліміздің құтты мекені, ел тірегі Елорда күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын,- деді «Орал жастары» волонтерлық жастар қозғалысының жетекшісі Дулат Жүсіпқалиев.



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу