ҰБТ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ «FАСЕ ID» ЖҮЙЕСІМЕН СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУДЕ
Аталған жүйе ҰБТ қатысушыларының өздерінің орнына басқа біреуді тартуына жол бермеу мақсатында енгізілген. Өңірдегі ҰБТ өткізу пункттеріндегі талаптардың сақталуы туралы Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Сәрсенғалиева өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте баяндады.

БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ҰБТ өтетін пункттерінің қажетті техникалық жабдықтармен және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізді. Берілген ескертулер бойынша барлық ҰБТ өткізу пункттерінің дайындығын реттеді, қажетті заттарды алды. Департамент басшысының сөзінше, бүгінгі күні санитарлық-эпидемиялық талаптарды бұзушылықтар болмаған.
Қатысушылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтуде. Атап айтқанда, дезинфекциялау тоннелі, аяқ киімді арнайы дезинфекциялау кілемшелерден тазалау, қолдарын санитайзермен тазалау және бетперделерді тағу.
Ағымдағы жылғы ҰБТ-ғы өзгерістер бірі – кіре берісте және тест кезінде қолдануға тыйым салынған заттар анықталған жағдайда талапкердің тестілеуден шығарылатындығы, нәтижесі жойылатындығы, ағымдағы жылы тестілеуге қатыса алмайтындығы туралы жүргізілген түсінік жұмыстарына қарамастан аталған бағытта ережені бұзушылықтар орын алуда.
– Облыс бойынша 14 тестілеуші тестке қатыстырылмады, онының нәтижесі жойылды. Олар ағымдағы жылғы қаңтардағы ҰБТ қатысқандығы туралы сертификаты болған жағдайда ақылы түрде елдегі ЖОО түсуге қатыса алады. Өзінің орнына басқа адамды тартқан тұлға бір жыл бойы ҰБТ-ға да қатыса алмайды. Бүгінгі таңда ондай бұзушылық орын алған жоқ. Ағымдағы жылы алғаш рет «Face ID» жүйесімен жеке сәйкестендіру жүргізілді. Бөгде адамды өз орнына тартқандар анықталмады, – деді Гүлнара Ақмырзақызы.
Сонымен қатар биыл ҰБТ қатысушыларына калькуляторды қолдануға рұқсат берілген және негізгі уақытқа 10 минут қосылып, жалпы тестілеу уақыты 4 сағатты құрайды.
Елдегі жағдайға байланысты және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында, санитарлық-эпидемиялық нормаларды сақтау, соның ішінде қашықтықты сақтау қажеттілігіне орай, ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу лектері көбейді. Облыс бойынша ҰБТ 12 күнге созылды, соның ішінде Жәңгірхан атындағы БҚАТУ және Өтемісов атындағы БҚМУ 8 күнге ұзартылды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу