БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА 8 ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ ТІРКЕЛГЕН
2020 жылдың 20 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С. Ақмырзаевтың қатысуымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау мен Денсаулық сақтау басқармаларының ұжымдарында кездесу ұйымдастырылды.

Өз кезегінде Р.С. Ақмырзаев «2019 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен денсаулық сақтау саласында 8 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Жалпы, республика бойынша тәжірибе көрсетіп отырғандай, Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды бірнеше топқа бөлуге болады: біріншісі – бұл қаржы-шаруашылық қызметтегі, атап айтқанда дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, тамақ өнімдерін сатып алу және басқа да сатып алу кезіндегі бұзушылықтар, екінші тобы бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асырумен байланысты, үшінші топ біліктілік санатын, мамандарды аттестаттау кезінде сертификаттарды алумен байланысты» деп атап өтті.
Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар, Р.С. Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу