БҚО-ДА 208 МЕЦЕНАТТЫҢ ДЕМЕУШІЛІГІМЕН 198 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 2677 шара ұйымдастырылды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының ең ірі жобалараның бірі «Туған жер» арнайы жобасы. Бұл жоба бойынша 2019 жылы 208 меценаттың демеушілігімен 198 жоба жүзеге асырылған. Бұған меценаттардың қалтасынан 711 млн. 448 мың теңге жұмсалған.
– Қазталов ауданында фельдшерлік-акушерлік, Теректі ауданында медициналық пункт, Шыңғырлау ауданында жаяу жүргіншілер үшін көпір салынды. Бұл бағыттағы жобалар биыл жалғасады деп сенеміз. Әзірге меценаттар 176 жоба ұсынып отыр. Жұмсалатын қаржы 600 млн. теңгеден асады деп күтілуде, – дейді «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Мұсағали.
«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнайы жобасы аясында 2019 жылы облыстың әр ауданында және Орал қаласында «Латын керуені» атты семинар-тренинг, «Latynfest» жастар форумы ұйымдастырылды. Латын қарпін үйренуге арналған «E-Latyn» платформасы іске қосылды.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына өткен жылы 71 батысқазақстандық өтініш білдірген. Алайда олардың біреуі ғана республикада таңдалған 32 адамның қатарынан табылды. Бұл – Әсел Аяпова есімді үш баланың анасы. Қазір ол АҚШ-тың AES корпорациясының Арлингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс істейді.
Сондай-ақ «Рухани қазына», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қасиетті Қазақстан» бағыттары бойынша жұмыстар жалғасуда. Облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қауланованың мәліметінше, өткен жылы осы бағытта 229 шара өткен.
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Мұсағали бұдан әрі аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылатынын атады. Бұл ағымдағы жылдың қаңтарында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында айтылған.
– Жиында бағдарламаны науқаншылық сипаттан арылтып, саннан сапаға көшу мәселесі қозғалды. Осы мақсатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жобалық жоспарына енгізілген шаралар екі есеге қысқартылды. Бұрын бағдарлама алты бағытта жүргізілген болса, енді біріктіріліп «Адамның дамуы», «Ұлттың дамуы» және «Мемлекеттің дамуы» атты үш бағытта жалғастырылмақ. Сондай-ақ бұрын бұл бағдарламаға Ақпарат және даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктері ғана араласқан еді. Ал жергілікті өңірлердегі 24 басқарманың бес-алтауы ғана тартылды. Енді барлық министрліктер мен барлық басқармалардың қатысуы жоспарланып отыр, – деді Нұрдәулет Наурызғалиұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу