8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2020 3389 0
Қалалықтар қаперіне

«ADAL KÓMEK» ЕРІКТІЛЕР ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. «Волонтерлік нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер.  Бұл – күнделікті еңбек, бұл – адамның болмысы, бұл – терең білім, жоғары мінез-құлық мәдениеті», – деп Президент «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімінде атап өтті.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштін қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.

Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Еріктілер жылы» аясында «Adal kómek» жобасы іске қосылды, мақсаты азаматтарға құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Еріктілер ретінде Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары шығып, олар тұрғындарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді.

«ANTIKOR ORTALYǴY» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында апта сайын сенбі күні сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін республиканың барлық аймақтарында кеңестер өтеді. Түркістан, Алматы, Маңғыстау облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында сервистік орталықтар ашылғанға дейін кеңестер «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінде өткізіледі («ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталықтарының және «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің мекен-жайы Агенттіктің веб-сайтында орналасқан https://gov.egov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=kk).

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»