8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қазан 2019 2182 0
Қоғам

ПАНА ІЗДЕГЕН КЕЗБЕЛЕР

          Күн суытып күз түскелі бері әлеуметтік орындардан пана іздегендер қатары артуда. Мәселен облыстық ауруханада өткен жылы  суық маусымда 70-ке  жуық кезбеге көмек көрсетілсе, күні бүгінге дейін 50-ге тарта үй-күйі жоқ жандарға ем  дом жасалған. 

Әлеуметтік желіні шулатқан бұл оқиға облыстық ауруханада болған. Өздеріңіз көріп тұрғандай күзетшілер сырқат жанды сыртқа шығарып тастаған. Жылжымалы зембілге жатқызылған ер адамға сол маңдағы жүргіншілер араша түсуде.  Күздің қара суығында науқасты далаға шығарғандар дәрігердің пәрменін орындағанын айтады. Келеңсіз жайтты ұялы телефонға түсіре бастаған соң күзетшілер оны ішке қайта кіргізген. Видеодағы науқастың аты-жөні Арман Досжанов. 53 жастағы ер адам бас жарақатымен ауруханаға түскен. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күні емдеу мекемесіне жүгінгендер саны көп болған. Сондықтан кезекші дәрігерлер тұрғылықты жері жоқ адамды қабылдау бөлімінен терапияға апаруды екі күзетшіге тапсырған.   Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуовтың айтуынша, енді Арман Досжановқа тиісті ем-шара толық жасалған соң, арнайы әлеуметтік орындарға жіберілмек. Енді өз ісіне салғырт қарағандар жазадан құтылмайды деп сендірді денсаулық мекемесінің қызметкерлері. Дегенмен аурухана басшылығы науқастар көбейген сәтте оларды тасымалдау ісіне кейде күзетшілерді тартатынын жасырмады. Және суық маусымда жандарына пана іздегендер аурухана жағалайтынын да тілге тиек етті. Дәрігерлер оны толықтай тексерістен өткізген. Қазір жағдайы бірқалыпты.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
65 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
149 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
204 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
266 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
299 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
344 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»