ЖАЗУШЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫ МЕДКОЛЛЕДЖДЕ КӨП
Бүгінгі жастар, соның ішінде қыз балалардың тәлімі мен тәрбиесі қоғамымызда аса маңызды. Халқымыз қыз баланың алған тәлімі мен тегіне ерекше көңіл бөлген. Туған өңірімізде белсенділігімен қоса, сүйікті мамандығында еңбегі еленіп жүрген ару қыздарымызды, ақылшы аналарымызды мақтан тұтамыз. Солардың бәрі әрі бірегейі жазушы-журналист Мира Шүйіншәлиева апамыз.
Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде көктемнің шырайлы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында студент қыздарымызға айтар ойы бар, өнегелі отбасынан шыққан танымал тұлға, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Бөкеорда ауданының құрметті азаматы» Мира Хамзақызымен сырласу кешін ұйымдастырған едік.
«Ақжайықтың асыл аруы» деп аталған сырласу кешіміздің басты мақсаты – болашағын адам денсаулығын күтуге арнаған бойжеткен аруларымызға Мира апайдың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, жеке тұлғасын таныту, студенттердің жазушының шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, олардың жан-дүниесіндегі сұлулыққа, талғампаздыққа деген көзқарастарын бағыттау еді. Осы шарада колледж ұжымы өз мақсатына жетті. Әсіресе, медицина саласында білім алып жүрген студент қыздарымыздың жазушының көркем дүниелеріне деген сүйіспеншілігі, жоғары қызығушылығы бізді қуантты. Қаламгердің әр жылдары жарық көрген әдеби – көркем прозаларындағы түрлі кейіпкерлердің тағдыры, түрлі образдарды көре білулері, оған алаңдаушылық танытып, заманмен байланыстыра ойларын жеткізулері жиналғандарды бей-жай қалдырмады. Мира Шүйіншәлиевамен кездесу кеші өтеді деген сәттен студенттеріміз қызу дайындыққа кірісіп, өнерлерін ортаға салуға асыққан болатын. Осы кеште Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студент – жастары, әсіресе ару қыздарымыздың жазушының «Махаббат бағы», «Шүберек қуыршақ», «Жүректегі құпия», «Өкініш», «Ар азабы…» атты прозалық-драмалық кітаптарындағы әңгімелерін тұщына оқып жүргендеріне куә болдық. Оқырмандары арамыздан табылғанына қуандық. Олар өз ойларымен бөлісіп, шығармаларынан алған әсерлерін толғаныспен баяндады. Дәлірек айтсақ, Мира Шүйіншәлиеваның жерлесі, Бисен ауылының тумасы, «Емдеу ісі -19 а» тобының студенті Максимова Айжамал «Ар азабы…» кітабын оқығанын, Ғаділбектің махаббатқа адалдығына, жан-жары Ботаның арамдығына тоқталып, отбасы құндылығын ерекше сезінгенін айтып, ата-ананы құрметтеуге құрбы-достарын шақырды. Сондай-ақ, «Емдеу ісі -17» тобының студенті Қалдымұрзаева Венера «Жұмбақ жан» әңгімесін оқып, өзіне қатты әсер алғанын, бетінде қызыл қалысы бар Мүгілсімнің тағдырына алаңдайтынын жеткізді. «Әр адам бақытты болуға лайықты. Шығармаңыздағы жұмбақ жанның бақытты болғанын қалаймын. Әңгіме жалғасын таба ма? Осы шығармаңызды жалғастыру ойыңызда бар ма? Көршісі Бейісқұл енді не істейді?» деген тосын сауал қойып, залдағы көрерменнің осы әңгімеге деген қызығушылығын оятты. «Емдеу ісі -17» тобының студенті Қабылтай Аружан «Адасқан ару» шығармасын баяндап, қазіргі қоғамда Нүкіс секілді молдасымақтардың кесірінен Райхандай оқымыстылардың адасып, діннің арбауындағы жүргеніне қыңжылысын білдірді. Мира Шүйіншәлиеваның повестері мен әңгімелерін іздеп жүріп оқитын Аружан Қабылтай 2020 жылы мемлекеттік тапсырыспен қайтадан шыққан «Өкініш» кітабын «Жәңгір хан»дүкенінен арнайы сатып алған екен. Кеш соңында жазушыдан қолтаңба сұрап алды.
Шырайлы кездесу барша қауымға, студенттерге мазмұны мен мәні жағынан тағылымға толы болды. Жазушының шығармалары арқылы қоғамдағы көптеген мәселелер туралы бүкпесіз ой-пікірлерін ортаға салған студенттеріміз Мира Хамзақызының бейнесі мен болмысы арқылы сұлулық пен әсемдікке деген көзқарастарын дамытып, әр қыз баланың өз өміріне жауапты әрі бақытты болуға ұмтылуы керектігін ұқты. Сырласу кешінде колледжде оқитын он бір ер бала ана туралы әндер шырқап, Мира апайға он бір гүл шоғын ұсынды. Олар он бірінші қарашада туылған жазушыға осылайша қошемет көрсетті. Өзім осы шарада қортынды сөз сөйлеп, ғасырдан астам тарихы бар аталмыш оқу ордасының директоры Қамидолла Ирменовтің атынан гүл ұсынып, ескерткіш сыйлық табыс еттім. Осы кеште біздің колледж жастарының арасында Мира Хамзақызының әдеби көркем шығармаларына деген қызығушылығымыз одан сайын арта түсті.
Кеш соңында қадірменді қонағымыз Мира Шүйіншәлиева жастарға отаншылдық рух берер өлеңдерін оқып, суретке түсті. Білім ошағының мұражайын аралап, қалың альбомға қолтаңбасын жазып берді.
Шынар БЕКБОЛАТҚЫЗЫ,
Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі басқармасы төрағасының орынбасары
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру

Пікір үстеу