8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2026 1018 0
Спорт

Жас спортшының жетістігі – өңір мақтанышы

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Өнер Сейілханмен және оның жаттықтырушысы Берік Жарылқасынұлымен кездесті.

 

Кездесу барысында басқарма басшысы жас спортшыны құрлықтық додадағы табысымен құттықтап, алдағы оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар спортшы мен бапкерге алдағы уақытта қажетті қолдау көрсетіліп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жасалатынын атап өтті.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Маратұлы жас боксшының халықаралық аренадағы жетістігі өңірде бокс спортын дамытуға оң ықпал ететінін айтты. Жас спортшылардың осындай нәтижелері өскелең буынға үлгі болып, спортқа деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Өнер Сейілхан мен оның жаттықтырушысы көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Олар алдағы бәсекелерде ел мен өңір намысын лайықты қорғап, жаңа жетістіктерге ұмтылатындарын жеткізді.

Кездесу соңында басқарма басшысы спортшы мен бапкерге алдағы жарыстарда жеңіс пен толағай табыс тіледі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
140 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
134 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
178 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»