Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңақала ауданында коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттыру және электр желілерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыс қолға алынған. Осы мақсатта ауданның коммуналдық кәсіпорны үш арнайы техникамен толықтырылды. Сонымен қатар электр желілерін жаңарту жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жаңа техникаларды пайдалануға беру рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне көлік кілттерін табыстады.
Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған техникалар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы лизинг негізінде сатып алынған. Олардың қатарында аралас жол және вакуумдық машиналар, сондай-ақ бүйірлік жүктемесі бар қоқыс таситын көлік бар. Бұл тәсіл облыс аудандары арасында алғаш рет қолданылып отыр.
Аймақ басшысы коммуналдық саланы жаңғырту, қызмет көрсету сапасын жақсарту және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа техникаларды кезең-кезеңімен енгізу тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ коммуналдық техникаларды лизинг арқылы сатып алу тәжірибесін өзге аудандарда да қолдану қажеттігін атап өтті.
Аудандағы маңызды бағыттардың бірі – электр желілерін жаңғырту. Облыс әкіміне «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
2025-2026 жылдары Пятимар – Жаңаталап және Жаңақала – Мәстексай бағыттарындағы жалпы ұзындығы 50,3 шақырымды құрайтын 35 кВ әуе электр желілері жаңғыртылды.
Ал 2026-2027 жылдарға жоспарланған келесі кезең аясында аудандағы 10 кВ және 0,4 кВ әуе электр желілерін, сондай-ақ 10/0,4 кВ жинақтаушы трансформаторлық қосалқы станцияны қайта құру жұмыстары басталды.
Аймақ басшысы электр желілерін жаңарту жобаларын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар техникалық шығындарды азайту, апаттық ажыратулар санын қысқарту және тұтынушыларды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
«Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумы өтті
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашаға белгіленді
Новый исследовательский реактор: инвестиция в технологии, кадры и будущее атомной науки
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
Как Казахстан защищает радиоактивные материалы от диверсий и хищений!
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Жаңа Конституция Қазақстанның сот жүйесі тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған
14 жасында әлемдік әдебиет сахнасында: ағайынды Айтқалиевтер Франкфуртта өз кітаптарын таныстырды
Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті

Кіру