8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2026 39 0
Жол / Құрылыс

Ақжайықта тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді

Орал қаласындағы «Ақжайық» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Байменов шағын ауданға барып, салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысып, жұмыстардың орындалу қарқыны мен нысандардың жай-күйін көрді.

Қазіргі таңда шағын ауданда құрылыс компаниялары тарапынан 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандар бойынша құрылыс компаниялары мен қала әкімдігі арасында меморандум жасалған. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін әкімдік бұл үйлердегі пәтерлерді сатып алып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалдамалы немесе несиелік негізде ұсынуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар аясында тағы 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 4 үйдің құрылысы аяқталды. Ал бұған дейін осы бағытта салынған 8 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Қала әкімі Мұрат Болатұлы тұрғын үй құрылысының әлеуметтік маңызына тоқталып, жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін атап өтті.

«Жаңа шағын ауданның дамуы – тек тұрғын үйлер салу емес, адамдардың болашақ өміріне қолайлы орта қалыптастыру. Ең бастысы, мұнда бой көтеріп жатқан үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы маңызды. Осы бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстаймыз»,- деді Мұрат Байменов.

Қаладағы тұрғын үй құрылысын дамыту – тұрғындардың баспанаға деген сұранысын кезең-кезеңімен қанағаттандыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Осы орайда «Ақжайық» шағын ауданында жаңа үйлердің бой көтеруі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінің сақталуына басымдық беріліп, шағын ауданды дамыту және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

 

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
64 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
231 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»