8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2026 57 0
Жаңалықтар

970 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызметті алу кезінде артық құжат сұрату, өтінішті қарау мерзімін созу немесе негізсіз бас тарту азаматтардың уақытын алып, мәселесінің шешілуін қиындатады. Батыс Қазақстан облысында есептік кезеңде жүргізілген тексерулер нәтижесінде осындай бұзушылықтарға тап болған 970 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Нурайна Нуралиева хабарлады.

Есептік кезеңде Департамент 124 бақылау іс-шарасын өткізді. Оның ішінде 12 жоспарлы, 16 жоспардан тыс тексеру және 967 байқау көрсетілген.

Тексерулер нәтижесінде 43 964 бұзушылық анықталды. Оның 1 399-ы орталық мемлекеттік органдарға, 42 565-і жергілікті атқарушы органдарға тиесілі.

Анықталған деректердің басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу мен қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуға қатысты. Атап айтқанда, қызмет көрсету тәртібін бұзудың 20 387 фактісі, негізсіз бас тартудың 13 762 фактісі тіркелді. Бұдан бөлек, қызмет көрсету мерзімін бұзудың 1 129, артық құжаттарды талап етудің 93, қызмет көрсетуден бас тарту мерзімін бұзудың 9 фактісі және өзге де 8 323 бұзушылық анықталды.

Азаматтардың өтініштері де нақты қызметтерді көрсету кезіндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты Департаментке 212 өтініш түсті. Оның 149-ы қаралып, 27 өтініш бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілді. Негізді өтініштер бойынша 41 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Бұл көрсеткіш негізді өтініштер бойынша 100% құрады.

Бұзушылықтарға жол берген 75 қызметкер жауапкершілікке тартылды. Оның 37-сі тәртіптік, 38-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 38 лауазымды тұлғадан мемлекет кірісіне 3,3 млн теңге айыппұл өндірілді.

Нурайна Нуралиеваның мәліметінше, бақылаумен қатар тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу және шағым беру тәртібін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта ұйымдастырылған 22 іс-шараға 700-ге жуық адам қамтылды. Теле- және радиоарналардағы бағдарламаларда 7 рет түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған 20 тікелей эфирде қызмет берушілер азаматтарға онлайн кеңес берді. «Елге қызмет» бағдарламасының 24 эфирінде мемлекеттік органдар халықты өздері көрсететін қызметтермен таныстырды. «Ең алдымен адамдар» семинарларында 97 адам оқудан өтті.

Қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер ведомствоаралық деңгейде де қаралды. Жұмыс тобының 3 отырысында 10 мәселе талқыланып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 30 ұсыныс әзірленді.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 4 қызмет алушылар күні өткізілді. Оның барысында 150-ге жуық тұрғын мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша кеңес алды.

Департаменттің бастамасымен аудандық қоғамдық кеңестерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 10 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша берілген 25 ұсыныстың барлығы орындалды.

Сонымен қатар, Департаменттің қатысуымен өткізілген 5 бірлескен бақылау іс-шарасында 871 заңбұзушылық анықталды. Оларды жою жөнінде 5 ұсыным беріліп, олардың орындалуы 100% құрады.

Сыртқы мониторинг нәтижесінде мерзімді бұзудың 82 фактісі расталды. Осы деректер бойынша 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
61 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
228 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»