8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2026 35 0
Жол / Құрылыс

«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды

«Мақат – Индербор – Сәтимола» теміржол инфрақұрылымының құрылысы ресми түрде бастау алды. Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, TEXOL компаниялар тобы мен Qazaq Kalium LTD өкілдері қатысты.

 

Шара барысында құрылысқа символикалық бастау беріліп, жобаны жүзеге асыру жоспары талқыланды.

Алдын ала құны 161 млрд теңгені құрайтын жоба аясында жалпы ұзындығы шамамен 285 шақырым теміржол инфрақұрылымын дамыту көзделген. Атап айтқанда, қолданыстағы «Мақат – Индербор» желісі күрделі жөндеуден өткізіліп, Сәтимола кен орнына дейін жаңа теміржол учаскесі салынады.

Жаңа инфрақұрылым жылына 6–7 млн тоннаға дейін жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Негізгі жүк ағыны Батыс Қазақстан облысындағы Сәтимола калий тұздары кен орнын игерумен байланысты. Алғашқы калий шикізатын жөнелту 2028 жылға жоспарланған.

Құрылыс кезінде 300-ге дейін, ал теміржол пайдалануға берілгеннен кейін 200-дей тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Жүк тасымалына отандық, соның ішінде Атырау вагон жасау зауытында шығарылатын вагондарды пайдалану жоспарлануда.

Болашақта теміржолды Шалқар көлі мен Алғабас станциясы бағытында ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл Орал мен Атырау арасындағы теміржол қатынасын дамытуға, өңіраралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға жол ашады.

Ауқымды жоба өңірлердің транзиттік және өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға және экономикалық дамуға тың серпін береді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
64 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
231 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»