8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қаңтар 2022 2074 0
Қоғам

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ НАРЫҒЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен көлік саласы мен жанар-жағармай нарығының ағымдағы мәселелерін талқылады.
Жиынға жолаушылар тасымалы, көлік компаниялары, жанармай құю станциясы желісі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Көтерілген тақырыптардың ішінде-жолаушылар тасымалын субсидиялау, электрондық билет жүйесін енгізу, заңсыз такси жүргізушілері, жүк автомобильдерін тексеру үшін кедендік өткелдерді мобильді сканерлермен жабдықтау қажеттілігі, жолдардың жай-күйі, отын мен қосалқы бөлшектер құнының артуы, бұл, сайып келгенде, қызметтердің қымбаттауына, кадр тапшылығына алып келеді.
Белгілі болғандай, транзиттік аймақтағы көлік инфрақұрылымын дамытудың кемпингтер салу сияқты қолдауға ие бағыты жер телімдерінің қымбаттығына келіп тіреледі. Мәселен, Бәйтерек ауданындағы 1 гектар жер телімі аукционда 1,2 млрд теңгеге ұсынылды.
Энергетика министрлігіне саланы реттейтін заңнамадағы өзгерістерге байланысты бірқатар сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, неге жергілікті «Конденсат» зауыты шикізатпен толық жүктелгенмен, сұйытылған газ нарығы неге “көлеңкеге» кетті.
Көлік саласының осы және басқа да көптеген проблемаларын облыс басшылығы назарға алып, алдағы уақытта жұмыстанатын болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
156 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
435 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»