8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2022 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2022 2509 0
Қоғам

Жәңгір хан университетінде маңызы басым шара өтті

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Кәсіби бағдар берудің үздік тәжірибелері» тақырыбында воркшоп басталды.

Мектептер мен колледждердің кәсіби бағдар берушілеріне арналған іс-шараның алғашқы жиынына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және жұмыспен қамту, білім, кәсіпкерлер палатасы салаларының өкілдері қатысты.

Жиынды жүргізген университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов бүгінгі заманда адами ресурстардан артық құндылық жоқ екенін, бұл бағыттағы жұмыстарды дамыту қажеттігін атап өтті. Яғни, мұндай жұмыстар ел болашағын қалыптастыруға, экономикасын өркендетуге аса қажет. Ол үшін жас буынға дұрыс жол көрсетіп, тәрбиелеу маңызды.

Алдымен сөз алған облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов өз баяндамасында жастарды еңбексүйгіштікке, кәсіппен айналысуға тәрбиелеу турасындағы ұлы Абайдың қарасөздерін келтіріп, Мемлекет басшысы да еңбек адамына құрмет көрсету мәселесіне басымдық беретінін жеткізді.

– Барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету. Еңбегіміз өнімді әрі берекелі болу үшін біз білімпаз болуымыз керек. Жастарға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беруге тиіспіз. Ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетті сіңіре алмасақ, білімнің пайдасынан зияны көп болуы мүмкін. Отаншыл және мемлекетшіл болуымыз керек. Президентіміздің осы сөздерін естеріңізге сала отырып, еңбек, білім, тәрбие, отаншылдық секілді қарапайым ұғымдар – біздің идеологиямыздың діңгегі екенін айтқым келеді. Ұстаздар да осы қағиданы негізге алып жұмыс істейтіні сөзсіз, – деген Бақытжан Хаберұлы басқосуға маңызды тақырыпты арқау еткен Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы мен ұжымына алғысын білдірді.

БҚАТУ-дың басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы «Болашақтың жастары. Болашақтың университеті. Болашақтың кәсіптері» тақырыбында баяндама жасап, адами құндылықтар, адамның өмірге көзқарасы, жастар тәрбиесі туралы ұлт зиялылары мен әлемнің атақты тұлғаларының өз заманында айтқан даналықтары әлі күнге тәрбиелік мәнін жоғалтпағанын айтты.

Кәсіби бағдар беру тақырыбына арналған жиын митап-сессиямен жалғасып, аталған тақырып төңірегінде баяндамалар оқылды. «Мамандығым – болашағым» жобасының жетекшісі Самғат Ермекбаев Астанадан онлайн форматта қосылып, аталған жобаның артықшылығына назар аудартты.

– Бұл жоба «Халықтың әл-ауқатын арттыру» мемлекеттік бағдарламасының бір бағытына жатады. Жоба 2019 жылы «Жаңа мамандықтар атласы» деген атаумен іске қосылған болатын. Сол жылы тоғыз салалық атлас өңделіп, салалық министрліктерге ұсынылған еді, – дей келе, сол жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Яғни, анықталған 463 мамандықтың 239-ы – жаңа мамандықтар, 95-і – транформацияланған мамандықтар,129-ы – ескірген мамандықтар санатына жатқызылған. Осындай статистикаға сүйене отырып, қажетсіз мамандықтарға жұмсалатын шығындарға жол бермеу мақсатында гранттық жүйеге өзгерістер енгізу жұмысы қолға алынған. Қазіргі таңда еліміздің Павлодар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе облыстарында басталған осындай жұмыстар келер жылы біздің өңірде де қолға алынады деп жоспарлануда.

БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова сұранысқа ие мамандықтарға жастардың бейімділігін арттыру – маңызды мәселе екенін және осы бағытта өңірдің білім саласында қандай жұмыстар жасалып жатқанын тілге тиек етті. – Көп жағдайда талапкерлер ата-ананың кеңесімен өзіне қажет емес мамандықтарды таңдайды. Осы ретте мүдделі мекемелермен бірлесіп, тиісті іс-шараларды атқарып келеміз. Мектептерге педагог-бағдар беруші штатттары енгізілді. Мектептерде алты мыңнан астам 10-11-сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылуда. Сонымен қатар университеттер мен колледждердің ұстаздарын тарту арқылы эксперимент ретінде болашақ мамандықтарды таңдау сыныптары жұмыс жасауда. Мысалы, Жәңгір хан университетінің оқытушыларымен бірлесе мектептерде «Агро сыныптар» ашылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде қалаған мамандықтары бойынша оқуларын жалғастырып жатқан түлектер де бар, – деді Зәуре Базарғалиқызы.

Ал облысымыздағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Айгүл Абулкаирова кәсіпкерлер арасында сауалнамалар жүргізу арқылы сұранысқа ие мамандықтар тізімі анықталатынын айтты. Кәсіпорындар да өз тарапынан мамандарды даярлауға ниетті, себебі оларға білімді, білікті, өз ісіне қабілетті жұмыскерлер қажет. Өңір жастарын жұмыспен қамту шараларына тоқталған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Алпамыс Көшкінбаев осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша ақпарат берді. Ал келер жылдан бастап өз кәсібін ашқысы келетін жастарға 5 миллион теңгеге дейін төмен пайызбен жеңілдетілген несие берілетінін мәлімдеді.

Екі күнге жалғасатын іс-шара барысында секциялық отырыстар ұйымдастырылады және меймандар университетті аралап, білім ордасының кәсіби мамандар даярлаудағы әлеуетімен танысатын болады.

БҚАТУ медиа орталығы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Гүл көктем ала келген Наурыз
20 Наурыз 2023
37 0
Мәдениет
«Төрлет, Наурыз, төріме!»
17 Наурыз 2023
201 0
Қалалықтар қаперіне
566 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді
16 Наурыз 2023
274 0
Қоғам
Адам өлтіргендер ұсталды
16 Наурыз 2023
261 0
Қалалықтар қаперіне
Бір адам суға кетті
16 Наурыз 2023
273 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқын су қаупі сейілген жоқ
15 Наурыз 2023
298 0
Қалалықтар қаперіне
Қала әкімінің шешімі жарияланды
14 Наурыз 2023
362 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
13 Наурыз 2023
395 0
Жалын
Әдеп төрағасы БҚУ-ға келді
13 Наурыз 2023
388 0
Қалалықтар қаперіне
Президент «маңызды аймақты» аралады
09 Наурыз 2023
563 0
Қалалықтар қаперіне
Науқастарды медициналық оңалту мәселесі қаузалды
03 Наурыз 2023
822 0
Қалалықтар қаперіне
Жиында төрт мәселе қаралды
03 Наурыз 2023
845 0
Қалалықтар қаперіне
Бейбіт өмір үшін алғыс
01 Наурыз 2023
922 0
Қалалықтар қаперіне
Құрмет білдіретін күн
01 Наурыз 2023
928 0
Қалалықтар қаперіне
Тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір…
01 Наурыз 2023
917 0
Қалалықтар қаперіне
Отандастарымызды құттықтады
01 Наурыз 2023
915 0
Сайлау - 2023
Кандидаттар жұмысын бастады 
20 Ақпан 2023
1310 0
Сайлау - 2023
Вопросы здравоохранения в приоритете
20 Ақпан 2023
1337 0
Өзек
Қазақ жырының Қадыры
17 Ақпан 2023
1628 0
Қоғам
«Kaspi.kz» арқылы бопсалаған
15 Ақпан 2023
1572 0
Қалалықтар қаперіне
   Бір атау екі үйге берілген
10 Ақпан 2023
1808 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар тапсырмасын назарға алды
09 Ақпан 2023
1793 0
Әлем жаңалықтары
Түркияда жойқын жер сілкінісі болды
06 Ақпан 2023
1951 0
Қалалықтар қаперіне
Батыс Қазақстан облысына жаңа имам тағайындалды
03 Ақпан 2023
2180 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»