8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2026 406 0
Мәдениет

Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында екі елдің өнер шеберлері қатысқан гала-концерт өтті

Вьетнамдағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Ханой қаласында екі елдің өнер шеберлері қатысқан гала-концерт өтті.

Ho Guom Opera театрында өткен іс-шарада Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі. Үкімет басшысының орынбасары Қазақстан мен Вьетнамды сыйластыққа, достық пен сенімге негізделген берік қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласындағы көшелердің біріне Вьетнамның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері Хо Ши Миннің есімі берілді. Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары  ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани мұраны сақтауда мәдениеттің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.

«Өйткені мәдениет – тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі қоғамның рухани тірегі және келешек ұрпаққа қалдыратын ең қымбат құндылығымыз. Қазақстан өнері Ұлы даланың терең тарихынан, халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани болмысынан бастау алады. Қазақтың қоңыр күйі мен әсем әні, дәстүрлі өнері мен заманауи шығармашылығы арқылы вьетнамдық көрерменге еліміздің мәдени келбетін таныстыруды зор мәртебе санаймыз», – деді Аида Балаева.

Вьетнам Социалистік Республикасының вице-президенті Во Тхи Ань Суан Вьетнамның мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі ретінде зор мән беретінін атап өтті.

Гала-концертке Қазақстан мен Вьетнамның көрнекті өнер шеберлері қатысты. Бағдарламада қазақ күйлері мен халық әндері, сондай-ақ вьетнамдықтардың кеңінен танымал «Nguoi Ha Noi» және «Hà Nội mười hai mùa hoa» шығармалары орындалды. Қазақстандық және вьетнамдық өнерпаздар бірлесіп орындаған «Достық әуендері» композициясы мәдени диалогтың ерекше нышанына айналды. Бұл туындыда вьетнамның «Trống Cơm» халық әні мен Құрманғазының «Жима» және «Балбырауын» күйлерінің әуендері үйлесім тапты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
92 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
143 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»