8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2026 313 0
Өңір жаңалықтары

«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Облыс педагогтерінің тамыз кеңесі аясында білім беру саласындағы басқару тиімділігін арттыру, сабақтастықты қамтамасыз ету және «Адал азамат» құндылықтарын білім беру ортасына енгізу мәселелеріне арналған пленарлық отырыс өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов қатысты.

Пленарлық отырыс барысында білім беру ұйымдарындағы өзекті мәселелер бойынша кейстік талдау жүргізіліп, практикалық ұсынымдар берілді. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту, академиялық адалдықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары қаралып, анықталған тәуекелдерді төмендету және олардың алдын алу бойынша ұсынымдар талқыланды.

Мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының қызметіндегі ашықтық пен жауапкершілікті арттыру, заң талаптарын сақтау және жас ұрпақтың бойында «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Кеңес аясында білім басқармасына қарасты ұйымдардың қызметтік автокөліктеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттық материалдар орналастырылды. Аталған жұмыс мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалану, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру саласындағы басқару сапасын арттыру, қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Адал азамат» құндылықтарын ілгерілету бағытында ұсынымдар берілді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
105 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
99 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
157 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
185 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»