ТАЗА СУ – АУЫЛҒА ЖЕТКЕН ИГІЛІК
Қаратөбе ауданындағы Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Нәтижесінде үш елді мекеннің 1675 тұрғыны сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етілетін болды.
Үш ауылды сумен қамтуға бағытталған ауқымды жобаның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жаңа жүйе пайдалануға берілді. Осыған орай Сәуле ауылында салтанатты шара өтіп, оған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында сөз алған аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске қосылуымен құттықтады. Ол халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, елді мекендерді қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.
– Су – тіршілік нәрі. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Қаратөбе ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды. Жалпы облыс халқы да орталықтандырылған ауыз су жүйесіне толық қосылған. Ендігі міндет – осы байлықты ұқыпты пайдалану. Президент атап өткендей, әр азамат пен әр отбасы су тұтыну мәдениетін қалыптастыруға жауапкершілікпен қарауы қажет, – деді Нариман Төреғалиев.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекет меншігіне қайтарылған заңсыз активтер қаражатын әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымға бағыттау аясында жүзеге асырылды.
Жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын жоба бойынша Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдарына жаңа су құбыры тармақтары жүргізіліп, магистральдық сумен жабдықтау жүйелері салынды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуірінде басталып, 2026 жылдың тамызында аяқталды.
Жоба қаржысының 80 пайызы арнайы қордан, яғни мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен бөлінген.
Салтанатты жиында еңбек ардагерлері де сөз алып, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бұл жобаның маңызын атап өтті. Олар елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға көрсетіліп отырған қолдау үшін мемлекетке және өңір басшылығына жерлестері атынан алғыс білдірді.
Осылайша, Қаратөбе ауданындағы үш ауылдың тұрғындары үшін сапалы ауыз су мәселесі шешімін тапты. Жаңа жүйенің іске қосылуы ауыл халқының тұрмыс жағдайын жақсартып қана қоймай, елді мекендердің инфрақұрылымдық дамуына да серпін бермек.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту

Кіру

