8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2018 2211 0
Спорт

Төрт жасар Симбаның табысы

Төбеттер арасындағы турнирлерден хабарыңыз бар ма? Итті адал дос, сенімді серік санайтын жігітттер үшін бұл доданың маңызы бөлек. Мұндай шайқастар біздің өңірде ара-тұра ұйымдастырылып тұрады. Мақсат – иттерді тестілік сынақтан өткізу.

Жаскелең Жұбаниязов өзінің сенімді төбеті Симбамен осындай жарыстарға шығып жүрген азамат. Симбасы өткен жылы облыстық чемпионатта екінші орынды иемденген.

– Итті баптау, көбейту – менің хоббиім. Жастайымнан қызығушылығым бөлек. Қазір ауламда бес итім бар. Симбаны достарым жеті айлығында сыйға берді. Алғаш қолыма ұстағаннан бауыр бастым. Ит – жеті қазынаның бірі. Олар бәрін түсінеді. Тамақтандырып, серуендетіп, мүмкіндігінше көңіл бөлуге тырысамын. Барлығы ветеринарлық тексеруден өткізілген. Уақытылы екпесін салдырып тұрамын, – дейді Жаскелең.

Төрт жасар Симбаның қанжығасында қазір екі жүлде бар. Тірсегі жұп-жуан, табаны аюдікіндей жалпақ, тұрқы төбедей Симбаның салмағы 70 келі шамасында.

– Шаршы алаңға иттердің шығуы төрт салмақ дәрежесі бойынша реттеледі. 55 келіге дейінгілер жеңіл салмақта, 55-61 келі аралығындағылар орта, 61-71 келідегілер ауыр салмақта шығады. 71 келіден жоғары иттер абсалютті салмақ болып есептеледі. Менің итім ауыр салмақ дәрежесінде шығып жүр. Сынақ алдында жүгіртіп, жаздыгүні суға жүздіру арқылы дайындаймын, – деді Симбаның қожайыны.

Жаскелеңнің төбеті өңірдегі ғана емес, көршілес Ақтау, Атырау, Ақтөбе облыстарындағы бәсекелерге де шығып жүр. Мұндай тестілік сынақтарды «Тазы Төбет Бөрібасар» федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Айқас кезінде иттердің жеңісі шарашы алаңда бас төрешінің және қос қапталдағы төрешілердің шешімімен айқындалады. Әрі иттер міндетті түрде ветеринарлық дәрігердің қадағалауында болады.

Төбеттер – жер бетіндегі иттердің ең ірісі саналады. Бітімі бөлек, тау тұлғалы сырттандар суыққа да, ми қайнатар ыстыққа да төзімді келеді. Тағы бір ерекшелігі – балаларға тиіспейді. Мінезін қарсыласқа ғана көрсетеді екен.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
191 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
158 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»