8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2026 301 0
Өңір жаңалықтары

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесуге облыстық басқармалардың және қала әкімдігінің өкілдері қатысты. Бірқатар аудан әкімдері өтініш иелерінің мәселелерін қарауға онлайн форматта қосылды.

Қабылдау барысында азаматтар жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке және жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, мүгедектікті белгілеу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету секілді мәселелерді көтерді.

Тілепберген Каюпов тұрғындардың әрбір өтінішін жеке қарап, жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен заң талаптарына сәйкес түсіндірулер мен нақты жауаптар берді.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешуге жауапты бірқатар мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Өтініштердің орындалу барысы облыс әкімдігі тарапынан бақылауға алынды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
49 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
127 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
123 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
173 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»