8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қараша 2018 2245 0
Қалалықтар қаперіне

«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ» АКЦИЯСЫНАН АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛ!

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2018 жылдың мамыр айының 21-нен бастап қараша айының 30-дейін Қазақстан Республикасы аумағында «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясы жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Акция электронды түрде түбіртектің суретін «Wipon» мобилді тіркемесімен жіберу арқылы өтеді (тіркемені «Google Play Маркет, Apple App Store» желісі арқылы тегін орналастыруға болады).Акцияға қатысатын бақылау – кассалық машина түбіртектерінің саны қатысушылардың өздерінің де санына шектеу қойылмайды.

Бір суретте бірғана түбіртектің көшірмесі болуға тиіс.

Түбіртектің суретінде төменгі ақпараттар анық көрсетілуі міндетті:

  • ИИН/БИН, уақыт, күні, қортынды сома, фискалдық белгі;
    • түбіртекте фискалдық белгі болуға тиісті: түбіртекте ФП, Ф, F, фискальдық, фискальтық түбіртек белгілері болуы міндетті;
    • түбіртектің түп нұсқасын сақтау міндетті емес;
    • түбіртектегі сома 0 тенгеден жоғары болу қажет;
    • тауарды алған не болмаса көрсетілген қзымет түбіртегінің уақыты мен күні ағымдағы жылдың 21 мамырынан киін болмауға тиіс;
    • «Wipon» желісін жойған жағдайда бұрынғы жіберілген түбіртектің бәрі жойылады;
    • Бір түбіртекті қайталап жіберілсе есепке алынбайды.

Чектерді қабылдау ағымдағы жылғы 21 мамырдан 30 қарашаға дейінгі кезеңге жүргізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында сыйлықтардың ұтысы мен оларды табыстау өтеді.

Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады.
Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.

Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағалы жүлделерді ойнату ай сайын жалғасуда!


БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
79 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
61 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
73 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
143 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
160 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
189 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
145 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
149 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
156 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»