Спорт саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді
Орал қаласындағы «Jaiyq Arena» спорт кешенінде Спорт күніне арналған «Спорт – рух, бірлік, жеңіс!» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Кештің негізгі мақсаты – дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту, өңір спортшыларының жетістіктерін дәріптеу және сала мамандарына құрмет көрсету.
Мерекелік кеш заманауи форматта ұйымдастырылып, қонақтарды қызыл кілеммен қарсы алу рәсімі өтті. Кеш барысында Батыс Қазақстан спортының үздіктері таныстырылып, олардың жетістіктері көпшілікке ұсынылды.
Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – спорт пен цифрлық технологиялардың үйлесуі болды. Өңір спортшыларының жеңістері мен маңызды жетістіктері голографиялық технологиялар арқылы көрсетіліп, жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылды. Көрермендерге лазерлік шоу, мультимедиялық қойылымдар мен түрлі визуалды эффектілер ұсынылды. Бағдарлама мазмұны 2026 жылғы «Жасанды интеллект жылы» идеясымен сабақтастырылды.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев спортшылар қауымын мерекемен құттықтап, аймақ басшысының жылы лебізін жеткізді. Ол соңғы үш жылда облыста 24 жаңа спорт нысаны бой көтергенін атап өтті. Сонымен қатар бірқатар спорт ғимараты жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтты.
Кеш барысында Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы, ауыл жастарын боксқа баулып жүрген спорт ардагері Александр Пятинге және садақ атуды дамытуға үлес қосып жүрген жаттықтырушы Константин Салодовниковке салалық төсбелгілер табысталды. Сондай-ақ бір топ азаматқа облыс әкімінің атынан алғыс хаттар берілді.
Мерекелік бағдарлама концертпен жалғасып, елімізге танымал өнер жұлдыздары мен жергілікті орындаушылар өнер көрсетті. Спорт, өнер және заманауи технологиялар тоғысқан кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту

Кіру




