8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2026 252 0
Өңір жаңалықтары

Шаруалардың ұсыныстары қаралды

Батыс Қазақстан облысында Бөкей ордасы ауданы шаруаларының көтерген мәселелеріне қатысты кеңес өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төрағалық етті. Басқосуға тиісті департамент пен басқармалардың жетекшілері, сондай-ақ «Нарын» шаруа қожалығының басшысы Нағим Тәжімұратов қатысты.

 

Кездесуде Ресей Федерациясына әскери-сынақ полигоны ретінде жалға берілген аумақтарды ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану мәселесі талқыланды. Әсіресе аталған жерлерде мал шаруашылығын жүргізуге қатысты шаруалардың ұсыныстары мен қолданыстағы талаптар сөз болды.

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың мәліметінше, полигон басшылығының келісімі негізінде ІІ санаттағы кейбір жер учаскелері қысқы мал азығын әзірлеу үшін шаруашылықтарға уақытша пайдалануға беріліп келеді. Алайда бұл аумақтарды маусымдық жұмыстардан тыс пайдалануға шектеу қойылғанына қарамастан, полигон территориясында қыстақтар бой көтеріп, заң талаптарына қайшы құрылыс нысандары салынғаны анықталған.

Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынан жұмыс тобы құрылып, мәселені зерделеу және заң аясында тиісті шаралар қабылдау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Жиында облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Тахир Нұрахметов баяндама жасады. Оның айтуынша, кеңес барысында келтірілген мәліметтер негізінде уәкілетті орган заңнама талаптарына сәйкес тексеру жүргізеді.

Кеңес қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов бақылау шараларын күшейтудің қажеттігін атап өтті. Ол жауапты органдар арасындағы өзара байланысты жолға қойып, мәселені шешудің нақты тәртібін қалыптастыру маңызды екенін айтты.

Аудан әкіміне жер ресурстарын басқару департаменті жүргізетін тексеру жұмыстарына жергілікті уәкілетті органдармен қатар қоғам өкілдері мен шаруа қожалықтарының қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды. Ал салалық басқармаға тексеру нәтижелерін негізге ала отырып, мәселені қайта қарауға арналған келесі кеңесті ұйымдастыру міндеті жүктелді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
61 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
145 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
137 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
182 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»