«ШАҢЫРАҚТАҒЫ» НАУРЫЗ ТОЙ
Наурыз мерекесі қарсаңында қалалық мәслихат депутаттары Валерий Крылов, Ләззат Рысбекова, жеке кәсіпкерлер Галина Хайруллина, Қабден Бекқалиев «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі тұрғындарын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, сый-сыяпаттарын үлестірді.

Шат-шадыман мереке аясында балалар тұсау кесу, бесікке салу рәсімдерін тамашалап, мәре-сәре болса, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің белсенді студенттері түрлі өнерлерін ортаға салып, жатақхана тұрғындарын тәнті етті.

Жетімдер үйінде өсіп, кейін өзара отбасын құрған жандар жатақхана үлгісіндегі «Шаңырақ» жасөспірімдер үйін паналайды. Мұндағы 115 тұрғынның 35-і отбасылы, 15-і жалғызбасты ана, 65-і бүлдіршіндер. Сондықтан да дәстүрлі мерекеде демеушілердің келуіне балғындар мәз. «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетовтың айтуынша, мұндағы жағдай бәз-баяғысынша, ғимарат әбден ескірген, орын тар, бала саны жыл санап артып келеді. Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жасалады деген үміт бар.

Әр мереке сайын балғындарға шат мереке сыйлап жүрген «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернат түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк бір кездері өзі де балалар үйінде өскенін, сол себепті мұндағы тұрғындардың жағдайын түсінетінін тілге тиек етті. Ал жатақхана тұрғындары жомарт жандарға алғыстарын білдірді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу