8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Тамыз 2026 372 0
Без рубрики

Семей полигонының жабылғанына – 35 жыл

2026 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толады. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі өз жұмысын тоқтатты.

Алайда полигонды жабу – мәселенің соңы емес, ұзақ ғылыми-зерттеу жұмысының бастауы болды. 35 жыл ішінде ҚР Ұлттық ядролық орталығы мамандары полигон аумағындағы радиациялық жағдайды жан-жақты зерттеп, сынақ нысандарын жою және консервациялау, радиоактивті ластанған аумақтарды анықтау, қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жұмыстарын атқарды.

Бүгінде мамандардың базасында 150 мыңнан астам қоршаған орта сынамасы туралы мәлімет жинақталған. Ал геоақпараттық жүйеде 100 мыңнан астам нысан және мыңнан астам тақырыптық қабат қамтылған.

Зерттеу нәтижесінде шамамен 8,4 мың шаршы шақырым аумақ радиоактивті ластанған жерлер ретінде белгіленіп, ерекше бақылау мен қауіпсіздік шараларын қажет ететіні анықталды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
104 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
156 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
184 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»