8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2026 243 0
Құрылтай-2026

Құрылтайға қатысты он сұрақ

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды. Сайлауды дайындау мен өткізуді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырады; Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағдайларды қамтамасыз етеді.

Бұл – жаңартылған Конституция жағдайындағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша алғашқы сайлау науқаны. Құрылтай — заң шығарушы билікті жүзеге асыратын елдің жоғары өкілді органы.

145 депутат бес жыл мерзімге бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша – жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Ақпарат алу үшін қайда жүгіну керек?

-Құрылтай депутаттарын сайлау туралы ресми ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүгіну қажет – ресми сайт election.gov.kz.

-Қандай партиялар тіркелген?

−2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша тізімдерде 7 саяси партия тіркелген (545 кандидат, 145 мандат): «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясы, «Ауыл» партиясы, Қазақстан Демократиялық «Ақ жол» партиясы, «Respublica» партиясы — бюллетеньдегі реттілік жеребе арқылы анықталды.

Кім дауыс бере алады?

-Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру құқығы 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы беріледі.

Өз сайлау учаскемді қалай білуге болады?

Сайлаушылар тізімдерге тіркелген жері бойынша енгізіледі. Өз сайлау учаскеңіздің мекенжайын жергілікті атқарушы органнан (әкімдіктен) немесе учаскелік сайлау комиссиясынан білуге болады.

Сайлау учаскесінің үй-жайынан тыс дауыс беруге кім құқылы?

-Денсаулық жағдайына немесе өзге де дәлелді себептерге байланысты дауыс беру күні учаскеге өз бетінше келе алмайтын сайлаушылар сайлау учаскесінің үй-жайынан тыс дауыс бере алады.

Қандай себептермен үй-жайдан тыс дауыс беруге болады?

−Үй-жайдан тыс дауыс беруге негіз болатын себептер: денсаулық жағдайы, науқас отбасы мүшесіне күтім жасау, сондай-ақ учаскеге келу мүмкін емес шалғай және қатынасу қиын жерлерде болу.

Өтінішті қалай беруге болады?

−Үй-жайдан тыс дауыс беру туралы өтініш учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша немесе ауызша, оның ішінде туыстар немесе көршілер арқылы беріледі. Өтініштер дауыс беру күнін қоса алғанда қабылданады.

Шетелде кім дауыс бере алады?

Дауыс беру күні шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан құрылған сайлау учаскелерінде дауыс бере алады.

Шетелдегі сайлау учаскелерінің тізімін қайдан көруге болады?

−Шетелдегі учаскелік сайлау комиссияларының тізбесі сайттың басты бетіндегі «Маңызды» бөлімінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы шетелдегі мекемелерінің ақпараттық ресурстарында жарияланған.

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін не қажет?

−Сайлаушылар тізіміне тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтар енгізіледі. Тізімнен өзіңізді таппасаңыз, жеке басты куәландыратын құжатпен учаскелік сайлау комиссиясына жүгініңіз.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
131 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
319 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
308 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»