8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қыркүйек 2020 905 0
Қоғам

ПЕДАГОГТАР ҮНІН ЕСТІРТСЕМ ДЕЙМІН…

              Елімізде «Nur Otan» партиясы мүшелері арасында партияішілік таңдау-праймериз өткізу науқаны ұйымдастырылуда. Осы саяси додаға қатысуға бел буған Оралдағы М.Ықсанов атындағы №36 орта мектеп директоры Азима Ғұбашевамен аз-кем сұқбаттасып, праймеризге қатысу мақсатынан хабардар болдық.

– Азима Зиннатқызы, еліміздегі көшбасшы партия ұсынған мүмкіндікті қалт жібермей, өз бағыңызды сынап жатыр екенсіз. Әңгімені осы батыл қадамыңыздан бастасақ..

– Праймериз – партияның қарапайым мүшелеріне беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Тыңнан ойлайтын, көшбасшы бола алатын азаматтарды таңдауға септігін тигізер тәсіл. Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың наурыз айында өткен партияның Саяси кеңесі бюросының отырысында «Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұры с шешім деп санаймын» деген болатын. Негізінен «Nur Otan» партиясы бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруды мақсат етеді. Тәуелсіздік алғаннан бері елдегі барлық өзгерістердің бастамашысы болып келеді. Өзім 2008 жылдан бері «Nur Otan» партиясының мүшесімін.

Праймериз көшбасшылық қасиетке ие азаматтарды танытуға септігін тигізер болса, бүгінгі қазақстандық білім жүйесі де саналы ұрпақ бойында осы құндылықтарды қалыптастыруға негізделген. Осы саладағы қарапайым мұғалімнен бастап мектеп басшысына дейінгі отыз жылдық педагогикалық еңбек өтілімде мен де саналы, білімді ел болашағын тәрбиелеуге өз үлесімді қосып келемін.

Білім беру – қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті партия тарапынан берілген мүмкіндікке зор үміт артып, «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының маған білдірген сенімін қабыл алып, партияішілік сайлауға қатысудамын. Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта Мұстақым Ықсановтың есімін иеленген білім ордасына басшылық етудемін. Осындай ел мүддесіне қызмет еткен танымал тұлғаның жасампаз ісі мен жарқын ізін зерделей отырып, ұлы Абай айтқандай, «Болмасаң да ұқсап бақ…» деп мен де өзіме талап қоюды үйрене білдім.

– Білім саласының өкілі ретінде саясатқа араласу нәтижесінде қандай игілікті істерге қол жеткізгіңіз келеді?

– Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру жүйесіне тікелей әсер етеді, оның маңыздылығын күшейтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қолжетімді және сапалы білім беру жолдарын нақтылап берді. Мұғалімдердің жалақысын көтеру, алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамту, қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқарту, қарапайым мектептерді қолдау, цифрлы сауаттылықты арттыру, кәсіпкерлік білімді сатылап беру, бұқаралық спорт пен дене тәрбиесіне басымдық беру сынды мәселелер ұрпақ игілігіне бағытталатынын, еліміздің одан әрі табысты дамуына жол ашатынын көрсетті.

Менің негізгі өмірлік ұстанымым – қазақтың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген нақыл сөзі. Қоғамның болашағын тәрбиелеуге атсалысып отырған өзімнің де, білім жүйесіндегі әріптестерімнің де айтары көп. Ұстаздың үніне сәл құлақ асып, нәтижесінде отбасымызда, көшелерімізде, қаламызда елеулі өзгерістер мен орайлы істер орын алса, пайдасы молынан болары сөзсіз. Сонымен бірге ұстаз мәртебесінің қоғамдағы орны қайта орнықса, оқушының білімі мен дағдысы одан ары жетілсе, ата-ананың сенімі мен сұранысы қанағаттандырылса деген оймен осы саяси додаға қатысып отырмын.

– «Nur Otan» партиясы ішіндегі сайлаудың үгіт-насихат жұмысы да аяқтала келді. Ашық бәсекенің бұл кезеңі қалай өтті?

– Праймериздің үгіт жұмысы барысында «Не үшін? Не өзгереді? Қалай?» деген сан сауал қойылды. Өзімнің азды-көпті педагогикалық тәжірибем негізінде тәрбиелеу мен білім беру жүйесіндегі педагог кадрлардың мәртебесін, әлеуметтік кепілдіктерін айқындайтын түйткіл мәселелерді, мекемелерде жұмыс жасайтын басқа қызметкерлердің жағдайын шешуді талап ететін тұстарын, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін, сапалы білім алуын, бос уақытының ұйымдастырылуын, отбасылық тәрбие мен еңбек құндылықтарына деген көзқарасты қалыптастыруын жақсартуды қарастыру басты мақсат деп есептеймін. Осы міндеттер сайлауалды бағдарламамда нақты белгіленген. Ашық бәсеке барысында «Жайықжылуқуат» кәсіпорыны, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені ұжымымен, қалалық білім жүйесіндегі кәсіподақ ұйымдары мүшелерімен кездесулерге және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы арқылы ұйымдастырылған ашық дебатқа да қатысып үлгердім. Сайлауалды бағдарламамды таныстыру мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымда өз жоспарларыммен бөлісуді жалғастырып келемін.

Азима Зиннатқызы, праймеризде дауыс беретін партия мүшелеріне айтар өтініш-тілегіңіз?

– Саяси додаға түскен жергілікті көшбасшыларға сәттілік тілеп, қоғамның барлық саласында қордаланған мәселелердің сапалы жүзеге асырылуының куәсі болайық дегім келеді. Алдағы 1-3 қазан күндері партияішілік сайлау үміткерлеріне дауыс беру primaries.kz сайты немесе primaries 2020 қосымшасы арқылы ұйымдастырылады. Білім мен тәрбиенің мемлекет пен қоғам дамуында маңызды рөл атқаратынын түсінетін партия мүшелерін осы саланы терең біліп, жете меңгерген кандидатқа дауыс беруге шақырамын.

Сұқбаттасқан Әсел ЕРКІНҚЫЗЫ

Кандидаттың «Өзгеріске 10 қадам» сайлауалды бағдарламасы

  1. Білім жүйесіндегі қарапайым мектептерге жан-жақты қолдау көрсету.
  2. Білім беру объектілеріндегі материалдық-техникалық базаны күшейту.
  3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарына моральдық және материалдық қолдау көрсету.
  4. Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау.
  5. Балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін экологиялық тәрбие Тұжырымдамасын енгізу.
  6. Жастардың еңбекке деген көзқарасын қайта өзгерту жолдарын қарастыру.
  7. Мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындары студенттерін волонтерлік қызметке тартуды қолға алу.
  8. Қаланың шағын аудандарында спорттық, шығармашылық орталықтар мен үйірмелер ашуға ықпал ету.
  9. «Педагог мәртебесі» Заңы аясында педагогтердің әлеуметтік кепілдіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу.
  10. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы педагогика саласындағы ардагерлерге көмек көрсету.

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
146 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
176 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
189 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
199 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
275 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
271 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
278 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
363 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
615 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
807 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
938 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
948 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1023 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1425 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1443 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1520 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1607 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1814 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1812 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»