8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2018 2231 0
Қалалықтар қаперіне

Партия төрағасының бірінші орынбасары Ақ Жайық өңірінде

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Батыс Қазақстан облысына келді. Сапар барысында ол Президенттің бес әлеуметтік бастамасының және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізіп, атқарылған жұмыс барысымен танысты және облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге «7-20-25» бағдарламасының аймақтағы алғашқы қатысушыларына пәтер кілттерін табыстады. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев өңірдегі жастар ұйымдарының өкілдерімен және аймақтағы партия активімен кездесті.

Президенттің тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы тарапынан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мақсатында орталық және өңірлік деңгейде Қоғамдық кеңестер құрылған болатын. Қоғамдық кеңестің құрамында жетекші саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан кәсіподақтар федера­циясының, «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлерінің және өңірлік палаталарының, елдегі ірі ҮЕҰ-ның басшылары мен өкілдері, танымал блогерлер, салалық сарап­шылар мен ғалымдар бар.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстандағы жұмыс сапары Орал қаласының жаңа шағын ауданында «7-20-25» бағдарламасы бойынша бой көтерген 90 пәтерлік көпқабатты үйдің құрылыс барысымен танысудан басталды. Батыс Қазақстан облысында баспана салу қарқыны жақсы. 2018 жылдың 7 айында 250 мың шаршы метрден аса баспана пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы да 415,7 мың шаршы метр, оның ішінде Бес әлеуметтік бастаманың бірінші бағыты бойынша 46 мың шаршы метр баспана салынады деп жоспарланған.

«7-20-25» бағдарламасының жүзеге асыруға жауапты екінші деңгейлі банк өкілдерінің айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша 55 өтініш келіп түскен. Айта  кетсек, Орал қаласында баспана алу кезегінде 19 мың тұрғын кезекте тұр.

Мәулен Әшімбаев қазіргі кезде баспана ең өзекті мәселелердің бірі екенін, «7-20-25» бағдарламасы сол мәселені тиімді шешуге бағытталған маңызды бастама, әсіресе жас отбасылар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылған ІТ-орталықта болды. Орталықтың жұмысы екі бағытқа бөлінген: ІТ-сала мамандарының біліктіліктерін арттыру және Жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберілген азаматтардың цифрлық сауаттылығын жетілдіру. Осы уақытқа дейін Жұмыспен қамту орталығы арқылы келген 54 азаматқа сертификаттар табысталған. 

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылған ІТ-орталықта ағымдағы жылдың 1-ші тамызынан бастап аймақ бойынша 30 информатика мұғалімі бағдарламалау, робот техникасы және 3D модельдеу негіздері жайында тереңдетілген білім алған. Болашақта бұл мамандар Батыс Қазақстанда ашылған тегін ІТ-сыныптарда оқушыларға білім беретін болады.

Осындай ІТ-сыныптардың бірі Орал қаласындағы Жастар және оқушылар сарайында ашылды. Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан облысында 15 ІТ-сынып ашылып, онда 150 мектеп оқушысы ІТ саласы бойынша білім алуда. Аталған сыныптар Орал қаласымен бірге облыстың барлық аудандарында, ауылдық жерлерде де жүйелі жұмыс істеп тұр. «Нұр Отан» партиясы алдағы 3 жылда ел бойынша бір мыңға жуық тегін ІТ-сыныптар ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Жастар және оқушылар сарайында ашылған коворкинг орталықта өңірлік жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Бүгінде Батыс Қазақстан облысында 4 коворкинг орталық ашылған. Олардың үшеуі облыс аудандарында, біреуі Орал қаласында. «Бастау» коворкинг орталығы – фриланс режимінде жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын (қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік сыныптар, тренингтер, English club т.б.) жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Коворкинг орталықта «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен өңірлік жастар ұйымдарының өкілдерімен өткен кездесу барысында бес әлеуметтік бастамасының және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізіп, атқарылған жұмыс барысын баяндады.

– Заманауи әлемде жастардың білімді, сауатты болуы аса маңызды. Жастар бәсекелестік дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан, өзінің жеке қабілеттерін дамыту үшін көп еңбек етуі керек, көп кітаптар оқуы қажет. Әсіресе, ағылшын тіліндегі шығармаларды. Ал, ол үшін ағылшын тілін меңгеру керек. Сонда әлемнің ең үздік шығармаларымен еркін таныса аласыздар, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сапар барысында бастысқазақстандықтар Мәулен Әшімбаевқа «Онлайн ұлттық бірыңғай геоақпараттық қызмет» шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған партиялық жоба аясында әзірленген «SMART URALSK» автоматтандырылған жүйесі таныстырылды. Бұл портал арқылы кәсіпкерлер бос жер телімдері туралы толық ақпарат алуға қол жеткізеді және ол барлық қолданушыға қолжетімді болмақ. Орал қаласы еліміз бойынша ақылды қала жүйесін Астанадан кейін енгізген екінші қала болды.

Мәселен, Орал қаласы әкімдігінің ғимаратында бөлімдердің жеке және заңды тұлғаларға қызмет түрлерін көрсетуге арналған «Ашық әкімдік»  атты инновациялық жобаны жүзеге асыруда.  Осының арқасында қала әкімдігінің ғимаратында орналасқан жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы бөлімдеріне қызмет алуға келген тұрғындар түрлі ыңғайсыздықтардан түгелімен арылған. Қазір барлық қызметті «бір терезе» қағидасы бойынша алуға болады.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев аймақтағы партия активімен кездесті. Келелі кездесуде Президенттің бес әлеуметтік бастамасының және жаңа партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізіп, атқарылған жұмыс барысы талқыланды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
68 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
141 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
369 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
852 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1230 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1137 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1589 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2205 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2369 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2377 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2428 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2432 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2052 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2912 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2966 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2960 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3573 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3541 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3532 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3507 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3668 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»