Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!
2026 жылғы 23 тамызда ҚазақстанРеспубликасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.

Сіздерді еліміздің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға және конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз.
Сіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іскеасыруыңыздың кепілі – Сіздің Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқылы сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз.
Сайлаушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар Сіздің тұрғылықтыжеріңіз бойынша тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарыла отырып, енгізіледі.
Сайлау учаскелерінің шекаралары және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 16 шілдеге дейін жариялайтын болады.
Сіз өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға жүгініп, өзіңіздің сайлау учаскеңізді және тізімге енгізілгеніңізді тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.
Сізге ыңғайлы болу үшін, жазғы демалыс факторын ескере отырып, Сіздің есептен шығару куәлігін алу және өз елді мекеніңізден тыс жерде дауыс беру мүмкіндігіңіз бар.
2026 жылғы 7 тамыздан бастап өзіңіздің сайлау учаскеңізде Сізге Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Өзгерістер енгізу немесе нақтылау қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

Кіру