8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 2473 0
Спорт

ОРАЛДЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ЖАРЫСТЫ

«Көрісу айт» күніне орай бүгін Орал қаласындағы Абай алаңында Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Мерекелік сахна төрінде ән мен күй шырқалып жатса, алаңда қазақтың ұлттық нақыштары мен салтын насихаттайтын ұлттық спорт түрлері – қол күресінен, асық атудан және ләңгі тебуден жарыс оздырылды. Аталған мерекелік шараға 100-ге жуық қала тұрғындары мен жастары қатысты.

Қол күресінде жақсы нәтижеге жету үшін жылдамдық, шеберлік, шыдамдылық маңызды. Барлығын ұштастыра білген қала тұрғыны Аян Сағындықов жеңіп, бірінші орын алды. Ал екінші орын Әли Алпысбаевқа бұйырды. Үшінші орынды Бекзат Қаниятов иеленді. Қыздар арасында бірінші орынды Арайлым Қанатова, екінші орынды Дана Бекеева және үшінші орынды Анель Алшынова иеленді. Жастар арасында Нұрберген Гусманов жеңімпаз атанып, Әліби  Төлегенов мен Асхат Тұраров  екінші және үшінші орынды бөлісті.
Екінші алаңда ләңгі тебуден жекелей жарыс өтті. Қала тұрғындары арасында бірінші орын 115 ұпай жинаған Медет Кұспанов, екінші орын 47 ұпаймен Асылхан Казмулинға бұйырды, ал үшінші орынға 15 ұпай жинаған Бекбол  Жанғалиев иеленді. Жастар арасында 78 ұпаймен Рамазан Қонысов үздік атанса, 57 ұпаймен Дастан Есқайыр екінші орында, ал үшінші орынды Дәуренбек Өтеуов иеленді.
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі, тез қимылдауды қалайтын, дәлдікке, есепке үйрететін асық атудан қатысушылар арасынан мергендері анықталды. Балалар арасында бірінші орында Дарын Кадимов, екінші орынды Жоламан Лукпанов иеленсе, үшінші орын Санжар Искаковқа бұйырды. Ал ересектер арасында бірінші орында Медет Құспанов, екінші орын Ермахан Төлегенде болса, үшінші орыннан Нұрсұлтан Көшербай көрінді. Дәлдік пен қырағылықты талап ететін ойын тартысты өтті.


Жеңімпаздар арнайы медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»