8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Тамыз 2026 421 0
Жаңалықтар

Оралдан Мәскеуге: жаңа бағыт, жаңа әуе тасымалдаушы

2026 жылғы 27 қазаннан бастап Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Мәскеуге тікелей әуе рейстері орындала бастайды. Жаңа бағытта Орал әуежайы үшін жаңа әуе тасымалдаушы — Nordwind әуе компаниясы қызмет көрсетеді.

Жаңа бағыттың ашылуы әуежайдың жолаушылар үшін әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейту және маршруттық желіні дамыту бағытындағы жұмысының бір бөлігі. Өңір тұрғындары Мәскеумен тікелей әуе қатынасын ашу қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Енді жолаушылар Ресей астанасына тікелей ұшудың ыңғайлы мүмкіндігіне ие болады.

Рейстер күзгі-қысқы навигация кезеңі бойы аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар 189 жолаушыға арналған Boeing 737-800 әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Әуе билеттері сатылымға шығарылды.

Жаңа бағыт жолаушыларға жол жүру уақытын үнемдеуге, сапар үшін қолайлы күндерді таңдауға және саяхатты икемді жоспарлауға мүмкіндік береді. Мәскеу — ірі авиациялық тораптардың бірі. Бұл жолаушыларға Ресейдің басқа қалаларына және өзге де бағыттарға әрі қарай ұшу үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Орал халықаралық әуежайы жолаушылардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескере отырып, өңірдегі әуе қатынасын барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Жаңа бағыттың ашылуы және жаңа әуе тасымалдаушының келуі — осы жұмыстың тағы бір нәтижесі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
104 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
156 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
184 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»