ОРАЛДА ЖАҢА ЖҮГІРУ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 24 қыркүйек күні Орал қаласында жүгіру жолы ашылды. «Лепесток» тынымбағында салынған жүгіру жолының ұзындығы – 500 метр. Көпшілік бұқаралық спортты дамытуға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен спорт саласының ардагерлері мен жас атлеттер, қала тұрғындары қатысты.

«Омега» көпірі маңындағы жайлы демалыс орнына айналған «Лепесток» тынымбағы балаларға арналған ойын алаңымен жабдықталған. Енді тынымбақ арнайы жүгіру жолы және волейбол алаңымен толығып отыр. Нысанның ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жиналғандарды «Қала күнімен» құттықтап, тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау жалғасатынын айтты.
– Бүгін қаламыз үшін маңызды күн – облыс орталығында бірнеше спорттық нысан ашылуда. Соның бірі – жаңарған көпірдің жанындағы тынымбақта жаңа жүгіру жолы пайдалануға берілуде. Бұған дейін Тұңғыш Президент алаңында осындай жүгіру жолы ашылған еді. Яғни, бұл тартан жабындысы бар қаламыздағы екінші жүгіру жолы. Қаламызда спортсүйер қауымның саны жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі жеткіншектеріміз болашақта түрлі жарыстардың тұғырынан орын алар чемпиондарымыз, Сондықтан бұл жұмыс жалғасын тауып, алдағы уақытта Зашаған кенті аумағынан және қала орталығынан алаң салу жоспарлануда, – деді Бақытжан Хаберұлы.
Спорт ардагері Мұрат Тілегенов шаһарда тұрғындар игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, жасөспірімдердің биік шыңнан көрінуін тіледі.
Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, тынымбақта жағажай волейболын дамытуға басымдық беріліп, жаз маусымында балалар арасында жарыстар ұйымдастырылатын болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу