ОРАЛДА РОБОТОТЕХНИКА КӨРМЕСІ ӨТТІ
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтуде белгіленген «Зияткерлік күніне» орай бүгін, 15 наурыз күні Оралда робототехника көрмесі ұйымдастырылды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен өткен көрме ұлттық ойындарды ойнайтын роботтардың таныстырылуымен ерекшеленді.

Ерекше роботтар орталық алаңдағы көрмеге шығарылды. Олардың қатарында Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенттері, облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері, Назарбаев зияткерлік мектебінің, №27 М.Мәметова атындағы мектеп-лицейінің, №26 және №44 орта мектептердің шәкірттері дайындаған құрастырылымдар бар.
Республикалық жоғары техникалық колледжінің 3-курс студенті Мирас Демеу көрмеге бірнеше роботын алып келген. Солардың бірі – асық ату роботы.

– Бұл робот берілген троектория бойынша жүріп, тізбектелген асықтарды атады. Мен оны бір күнде құрастырып шықтым. Бағдарламасын енгіздім. Шамамен 70 сантиметр қашықтықтан тигізе алады. Осы роботыммен облыстық жарысқа қатысып, үшінші орын иелендім, – дейді болашақ оптикалық-электрондық жабдықтар маманы Мирас Демеу.
Одан басқа Республикалық жоғары техникалық колледжінде «Арқан тартысатын», «Қыз қуу», «Ақ сүйек» ойынын көрсете алатын роботтар құрастырылған. Колледждегі үйірме жетекшісі Бекнұр Қабдығалиевтің айтуынша, оқу орнында робототехника үйірмесі 2014 жылдан бері жұмыс жасайды. Кейінгі үш жылдың ішінде ұлттық ойындар бағатындағы роботтар құрастыруға ерекше маңыз берілген.
Көрменің ұйымдастырушысы – Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев атап өткендей, бүгінде робототехника спорт түріне енгізілуде.
– Бұл – киберспорт деп аталады. Оның ішінде топ-топқа бөлініп футбол ойынын, шабуыл жасау сынды ойындар бар. Сондай-ақ киберспорт – олимпиадалық спорт түрі саналады. Осы орайда «Зияткерлік күні» аясында қаламыздағы жас техниктерді ынталандыруды жөн санадық. Алдағы күндері мереке аясында «Шежіре күніне» орай қазақ күресі мен айтыс, «Шымырлық пен шеберлік күніне» орай Бортауда ұлттық спорт түрлерінен сайыс, «Ұлттық тағам күніне» орай қыздар арасында бауырсақ пісіруден, ерлер арасында қой көтеру сайысы өтпек. Ал Ұлыстың ұлы күнінде «Орал барысын» ұйымдастыру жопарымыз бар, – дейді Артур Мұратұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу