8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2021 2635 0
Спорт

ОРАЛДА «ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТЕДІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және «Амал мерекесіне» орай Орал қаласында ұлттық спорт түрлерінен «Ұлттық қазына» қайырымдылық спартакиадасы өтеді.  Оған жоғары және арнаулы  оқу орындарының студенттері командалық түрде қатыса алады. 

Спартакиада 10  спорт түрі  бойынша  ұйымдастырылады. Спартакиаданың жүлдесіне облыстық мәслихат депутаты  Т.Тлемісов 200 мың теңге демеуші болып отыр.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, спартакиадаға қатысудың басты шарты – команда жасақтау. Команданың бір мүшесі  тек бір ойын түріне ғана қатыса алады. Команда жарысқа қатысу үшін 20  мың теңге  жарна  төлеуі тиіс. Жиналған жарна Ақсай қаласының тұрғыны арқадағы бұлшықет атрофиясына шалдыққан Эмира Шахмаровқа @emir_sma_aksay аударылатын болады.

– Біздің басты миссиямыз – Эмир балақайға  көмектесу. Жарна 20 мың теңге деп бекітілгенімен, одан да көбірек берсе болады. Сондай-ақ жеңімпаздар ұтқан жүлделерін де Эмирге  бере алады, – дейді ұйымдастырушы  «Жас Отан» ЖҚ төрағасының орынбасары  Ерлік Шамғалиев.

Жарыстар 12, 13, 14-наурыз күндері  өтеді.

12 наурызда Асық ату, Бес асық, Тоғызқұмалақ сайыстары өтеді.

                      Басталу уақыты: сағат – 14.00.  «Nur Otan» ғимараты. (Орал қ. Ж.Молдағалиев көшесі, 19).

13 наурызда Аударыспақ, Қазақ күресі, Садақ ату, Теңге ілу ойындары өтеді.

                    Басталу уақыты:  сағат –  10.00.  Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. (Орал қ. Асан ауылы, Рабочая 1а.)

14 наурызда Ләңгі, Қол күресі, Арқан тартыс ойындары өтеді.

                   Басталу уақыты: сағат – 10.00.  «Nur Otan» ғимараты. (Орал қ. Ж.Молдағалиев көшесі, 19).

Байланыс үшін ☎‪8-777-479-35-90‬ (Ерлік @jasotan_bqo) телефонына хабарласу қажет.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»