8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2018 2235 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ – КОСТРОМА. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯДЫ

Орал мен Кострома облысы арасындағы ынтымақтастық нығая түспек. 10 қыркүйек күні Орал қаласы әкімі М.Мұқаев пен мен Ресейдің Кострома облысының басшысы Ю.Журин әріптестікті нығайту жөніндегі меморандумға қол қойды. Қала әкімдігінде өткен ресми рәсімде әріптестіктің басты бағыттары талқыланды. 

Қос елдің басшылары аралық әріптестіктің оң болуын әр кез назарда ұстайды. Сәйкесінше, облыс әкімдігі тарапынан мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, Ресейдің шекаралас облыстарымен өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы жұмыстар жүргізілуде.  Кострома облысының өңірімізбен қарым-қатынасы бұған дейін орныққан. Жиын барысында қала әкімі Мұрат Мұқаев айтып өткендей, осы жылдың қаңтарында біздің делегация Кострома қаласында іс-сапармен болған. Ал костромалықтардың Оралға келуі сол бастаманың игі жалғасы. Қонақтар осы іс сапар барысында бірнеше сауда-өндіріс ошақтарының тыныс-тіршілігімен де танысты.

– Серіктестікті дамыту үшін маңызды негіздер бар. Біздің қалалардың халқының саны да, өмір сүру қалыбы да ұқсас. Мұндай байланыс өте маңызды. Өйткені екі ел де даму тұрғысынан қатар келеді. Аймақтық деңгейде нақты байланыстың болуы – жергілікті, республикалық және федералдық тұрғыда экономиканы, әлеуметтік сала мен мәдени дәстүрлерді дамытуға мүмкіндік береді. Бірнеше күннен бері Орал қаласы аумағында болып, қала туралы жақынырақ білдік. Тарихымен таныстық, бас мерекесін қалай тойлайтынын көрдік. Жұмыс бабымен бірнеше сауда орындарында болдық. Сауда орындарында костромалық өндірушілердің өнімдерінің болғаны бізді қуантты. Мәселен, біздегі маңызды саланың бірі – зергерлік кәсіп. Барлық дерлік өндірушілеріміздің өнімдері мұнда да бар екен. Алдағы уақытта белгілі бір саланың ғана емес, экономиканың барлық бағыттары бойынша байланыстың мүмкіндігін қарастырсақ деймін. Кострома облысы – орманға бай, өндіріс өте жақсы деңгейде. Бұл сала да сіздерді қызықтырады деп сенемін, – деді Юрий Журин.

Қала басшысы Мұрат Мұқаев ынтымақтастықтан кейін атқарылар жұмыстардың сәтті әрі нәтижелі болуынан үмітті екенін айтып, тәжірибе алмасуға ынталы екенін жеткізді.

– Бұдан әрі де талқыланатын мәселелер жетерлік. Мәселен, солардың бірі – тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы. Қазір электронды ПИК, сәулет, жер қатынастарын цифрландыру жайымен айналысудамыз. Бүгінде цифрландырудың мәні зор. Сол себепті Елбасы тапсырмасына сәйкес бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Мұнымен бөлісуге әзірміз. Сондай-ақ сіздің тарапыңыздан да атқарылған жұмыстарды үйренуі үшін мамандарымызды жіберетін боламыз. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарға жайлы жағдай туғызу, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Әрі сіздердің тәжірибелеріңіз де бізге пайдалы болары анық, – деді М.Мұқаев.

Жиын барысында қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Нұрбаев, БҚО ҚХА өкілі Н.Мирзгаоғлы және РФ-ның Орал қаласындағы бас консулы Андрей Кимович әріптестік байланыстың қос тарапқа да тиімді боларына сенім білдірді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
73 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
58 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
70 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
142 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
158 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
188 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
144 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
148 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
155 0
Бәрекелді!
Деректі фильмнің тұсауы кесілді
11 Наурыз 2026
251 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»