8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2018 2012 0
Қалалықтар қаперіне

ШАҺАРҒА – 39 МЛРД. ТЕҢГЕ

Бүгін Орал қалалық мәслихатының 27-ші сессиясында қалалық мəслихат депутаттары 2019-2021 жылдарға арналған шаһар бюджетін бекітті.

Қалалық экономика жəне бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенованың мəлімдеуінше, биылғы жылы қаланың бюджеті 41,3 млрд теңгені құрап отыр. 2018 жылға арналған қомақты қаржының басым көбісі әлеуметтік салаға бағытталған. Алайда, бюджеттің қаржысына біраз өзгерістер де енген. Сондай-ақ сессия барысында қалалық мәслихаттың депуттаттары келер жылғы бюджетті бекіткен еді. 2019 жылғы бюджет 39 млрд теңгеден басталмақ. Бұл биылғы көрсеткіштерге қарағанда 46 пайызға көп. Қаражат тұрғын үйлер салу, ауыз су тарту қоса, әлеуметтік салаға бағытталады деп жоспарланып отыр.

Мәслихаттың кезекті сессиясында сөз алған шаһар басшысы Мұрат Мұқаев қала көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биылғы бюджет өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Қала әкімі бұл үрдісті облыс орталығында іске асып жатқан құрылыс жұмыстарының, жол салу мен аулалардың көптеп жөнделуімен түсіндірді. Мәселен, биылғы жылы құрылыс үшін 10,2 млрд теңге бөлініпті. Бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 15 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Олардың 3 пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арналыпты. Оралдықтар үшін өзекті мәселелердің бірі күре жол мəселесі. Аталмыш мәселе соңғы жылдары біртіндеп шешімін тауып келеді.

Екі жылдың ішінде қала аумағында 178 көшенің жолы жөнделген. Қазіргі таңда жақсы және қанағаттанарлық жолдың көрсеткіші 76 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, биыл аулаларды жөндеуге де ерекше көңіл бөлінген. Сессияны осылайша қорытындылаған қала басшысы мәслихат депутаттарын марапаттады.

Қалалық мəслихат депутаты Валерий Крылов облыс əкімінің Құрмет грамотасымен марапатталса, депутат Əнуар Мұқатаев республика деңгейінде «Үздік депутат» аталымын жеңіп алды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»