8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Желтоқсан 2018 1988 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ЖЕРЛЕСТЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті оралдықтар!

Сіздерді барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мерекеміз – Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ширек ғасыр бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болудың бірегей қадамын жасадық. Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың 27 жылда бағындырған белестері орасан.
Бүгінгі күні біздер қол жеткізген жетістіктерімізді сақтай отырып оны арттыруға, қаламыз шын мәнінде қонақжай және жайлы ету үшін қызықты жобалар мен инновацияларды тартуға міндеттіміз.
Тәуелсіздік жылдары қаламызда аулалар абаттандырылып, спорттық алаңдар, тынымбақтар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп өркендеген заманауи қалаға айналды.
Қадірменді жерлестер! Осынау мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңыз шаттық, берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, мәңгілік еліміздің келбеті сәнді, еткен еңбегіміз мәнді болсын!

Құрметпен, Орал қаласының әкімі Мұрат МҰҚАЕВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»