8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2018 3300 0
Без рубрики

ОРАЛ «ҚАЛА КҮНІН» АТАП ӨТУДЕ

Ақжайық атырабындағы Орал шаһарында бүгін «Қала күні» мерекесіне арналған кең ауқымды шаралар өтуде. Шаһар тойына арналған мерекелік қызықтарды қала тұрғындарымен қатар  көршілес облыстардан және Ресей Федерациясынан келген құрметті меймандар қызықтауда.

Тарихы сонау Алтын Орда кезеңінен бастау алатын шаһар – бүгінде 330 мыңдай тұрғынның құтты қонысы. Күн санап қала аумағы ұлғайып келеді. Соңғы жылдары қалада бірнеше тұрғын үйлер, мәдени-әлеуметтік нысандар, спорт кешендері бой көтерді. Айтулы мерекеге арналған шаралар 3 қыркүйектен бастап өткізілуде. Отандық кинотуындылар апталығы, «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі, «Орал-опера» классикалық музыка кеші, Қадыр Мырза Әлі орталығы амфитеатрында өткен «Сәлем, Астана» атты мерекелік концерт, «Жайық Аруы -2018» байқауы, Орал қаласы әкімінің кубогыне арналған КВН фестивалі, Д.Нұрпейісова бойындағы қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі – соның айқын дәлелі. Қолөнер шеберелернің жәрмеңкесі бүгін де жалғасуда. Ісмерлер арбат бойында шеберлік сағаттарын өткізіп, өнімдерін жасаудың қыр-сырларымен бөлісті. Орал қаласы білім беру бөліміне қарасты қосымша білім беру орталықтары, мектептер арбат бойын әдемі гүлдер алаңына айналдырды. Орталыққа жиналған табиғи және жасанды гүлдерден жасалған композицияларды тамашалап, қолөнершілердің өнімдерімен танысты.

Кітапханашылар да арбат бойында «Оқитын Орал» акциясын ұйымдастырып, кітаптар таратты. Сондай-ақ  жастар мен балалар үшін армреслинг, шахмат, дойбы, асық сынды спорттық ойындардан жарыс, «STREET WORKOUT» көрсетілімдері ұйымдастырылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
191 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
158 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»