Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы – бүкіл Конституцияның арқауы
2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Негізгі жаңашылдықтардың қатарында мемлекеттiң ең жоғары құндылықтары болып табылатын адамды, оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесін ерекше атап өткен жөн.
«Адамды басты құндылық ретінде тану және адам құқықтарының басымдығы идеялары бүкіл Конституцияның мазмұны арқылы көрініс табады. Олар негізгі қоғамдық институттардың барлығына енгізіліп, мемлекет пен азаматтар үшін басты бағдарларды айқындайды. Негізгі заң терең конституциялық жаңғырудың негіздерін бейнелейді және мемлекеттің одан әрі дамуының берік іргетасы болып табылады», – деп Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев атап өтті.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Конституцияның Кіріспесінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұлжытпай сақтау қағидаты жарияланды. Сонымен қатар II бөлімнің атауы да «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» болып өзгертіліп, адам құқықтарының басым рөлін тағы бір мәрте айқындады.
Негізгі заңда адамның өмір сүру құқығы барынша абсолютті түрде бекітілген. Дәл осы құқық әр адамға туғаннан тиесілі болғандықтан, ажырамас әрі айырылмайтын құқық ретінде танылады.
Бұл – барлық құқықтардың негізі, өмір сүру құқығынсыз өзге де бостандықтар мен құқықтардың болуы мүмкін емес. Мемлекет тарапынан өмір сүру құқығына берілетін кепілдік – ешкімнің адамды өз бетінше өмірінен айыра алмайтындығында.
Адам өмірін ең жоғары құндылық ретінде жариялаған Қазақстан осыдан 5 жыл бұрын халықаралық міндеттемелерді өз мойнына алып, кейін 2022 жылы өлім жазасын жойды. Бұл қағидат жаңа Конституцияда нақты бекітілген.
Негізгі құқықтар бөлімінде кінәсіздік презумпциясына айрықша мән берілген. Сот оның кінәсін дәлелдегенге дейін адам қоғам алдында әуел бастан кінәсіз деп танылуға тиіс.
Бұл – өркениетті ұстаным. Осы арқылы адам мерзімінен бұрын қоғамдық айыптаудан қорғалып, оның абырой-беделі сақталады.
Конституцияның осы бөлімінде әділдік пен жазаның сәйкестігіне қатысты халықаралық қағидаттарға кепілдік беріледі. Мұндағы негізгі қағидаттардың бірі – бір құқық бұзушылық үшін адамды қайтадан жауапкершілікке тартуға жол бермеу.
Конституцияда адамның негізгі бостандықтарының бірі ретінде өзіне, жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу және өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті болмау құқығы нақты көрсетілген.
Дәл осындай қағида діни қызметкерлерге де қатысты. Олар тәубе ету кезінде өзіне сеніп айтылған мәліметтерді жария етуге міндетті емес.
Негізгі заңда іргелі құқықтармен тікелей байланыстырылған бұл норма, өзін-өзі айыптауға жол бермейтін конституциялық тосқауыл ретінде қызмет етеді әрі адамды озбырлықтан қорғайды.
Сондай-ақ, Конституцияда жеке басына қол сұғылмаушылыққа, әділ сотқа қатысты кепілдіктер күшейтіліп, сөз бостандығына қатысты ережелер нақтыланған.
Сонымен қатар сот шешімінсіз адамды тұрғын үйінен айыруға ғана емес, оны тұрғын үйден шығаруға да жол берілмейтіні жеке бекітілген.
«Осы жаңашылдықтардың барлығы Қазақстан азаматтарына жаңа Конституцияда бекітілген іргелі құқықтар мен бостандықтарға кепілдік берілетінін көрсетеді. Алайда оларды пайдалану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін, заңға, қоғам мүддесіне және өзге адамдардың құқықтарына құрметпен қарауды білдіреді. Еркіндік пен жауапкершілік арасындағы осы тепе-теңдік сақталған жағдайда ғана әділетті, құқықтық әрі өркендеген мемлекет құру мүмкін болады. Сондықтан әрбір азамат өз құқықтарын біліп, оларды қорғап қана қоймай, заңдылықты нығайту мен елдің дамуына қосатын өз үлесін де терең сезінуі маңызды», – деп Артур Ластаев атап өтті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАП, ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау науқанының барысына өз бағасын берді
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
«Байтақ» партиясы халықтың таңдауына құрметпен қарайды» – Азаматхан Әміртаев
Миссия наблюдателей от СНГ представила итоговую оценку прошедших в Казахстане выборов депутатов Курултая
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады
ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады
«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
ЧЕМПИОНДАР ТАҢДАУЫ: СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ ЕЛДІК НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр

Кіру