8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Наурыз 2026 732 0
Наурыз

Наурыз мейрамы – Ақ Жайықта!

Бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында «Береке бастауы – Әз-Наурыз» атты мерекелік театрландырылған концерт ұйымдастырылды.


Ұлыстың Ұлы күнін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қаумалаған халықпен бірге қарсы алып, жұртшылықпен емен-жарқын көрісті.
Театрландырылған концертте мектеп өнерпаздары ақ және қызыл қызғалдақ болып киініп, әсем ән, тәтті күйдің сазымен мың бұрала би билеп, мерекелік көңіл-күйдің нышанын паш етті. Сән-салтанаты келіскен мерекелік концерт соңында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев барша жиналған қауымды Әз -Наурыз мейрамымен және қасиетті Ораза айтпен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде Көрісу күнінен бастау алған «Наурызнама» онкүндігі аясында аймақта бірқатар игі іс-шара жүзеге асқанын атап өтті.

– Күні кеше әлеуметтік осал топтағы 43 отбасы жаңа пәтерге ие болып, қоныс тойын тойлады. Жыл өткен сайын облысымыздың инвестициялық әлеуеті артып, экономикалық өсімге оң әсерін тигізіп отыр. Өңірде заманауи әлеуметтік нысандар бой көтеріп, шалғай ауылдарға дейін қатқыл табанды жол төселуде. Осынау жасампаз істер мен оң өзгерістер жыл басы – Әз-Наурызбен бірге бақ пен берекеге ұласатынына сенім мол, – деді өңір басшысы.

Ауқымды мерекелік шарада ұлттық нақыштағы көрмелер қойылып, киіз үйлер тігіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасы кеңінен насихатталды. Алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтар ұлттық құндылықтармен танысып, Наурыз көже мен қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татты.
Сонымен қатар мерекелік бағдарлама аясында ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, өңір өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық өнер мен дәстүрді ұлықтаған бұл шара тұрғындарға ерекше әсер қалдырды.
Наурыз мейрамы – береке мен бірліктің, жаңару мен жаңғырудың символы. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мерекелік шаралар өңірдің барлық ауданында жалғасын табуда.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

“Жайық үні”
Суретке түсірген Р.Халелов.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
317 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
307 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»