8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2026 429 0
Тағылым

«Quraq Fest»: Ұлттық қолөнерді ұлықтаған 166 құрақ көрпе

Ақжайық ауданында ұлттық қолөнерді дәріптеу, дәстүрлі өнерді насихаттау және шеберлердің шығармашылығын қолдау мақсатында «Quraq Fest» құрақ көрпе тігу фестивалі өтті.

Фестиваль барысында ауданның ауылдық округтерінен келген қолөнер шеберлері мен өнерге қызығушылық танытқан тұрғындар бас қосып, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің бірі – құрақ құрау өнерін заманауи үлгіде жаңғыртты.

Шараның басты ерекшелігі – фестиваль аясында 166 құрақ көрпе тігу жоспарланып, аудан тұрғындарының ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен белсенділігінің, сондай-ақ қолөнер дәстүрінің ел арасында кеңінен дәріптеліп келе жатқанын көрсетті.

Құрақ құрау – халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Қазақ дәстүрінде құрақ көрпе тек тұрмыстық бұйым ғана емес, шеберліктің, ұқыптылықтың, береке мен бірліктің символы ретінде бағаланған. Әрбір құрақтың өз орны мен үйлесімі бар. Сондықтан бұл өнерде эстетикалық талғаммен қатар, ұлттық дүниетаным да көрініс тапты.

«Quraq Fest» фестивалі арқылы ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін арттыруға, ұлттық қолөнерді кеңінен насихаттауға, жас ұрпақты атадан қалған дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеуге және шеберлер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Фестиваль аясында құрақ көрпе тігу шеберлерінің жұмыстарын таныстыру, қолөнер бұйымдарының көрмесі және ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

166 құрақ көрпе – 166 өнер туындысы. Әрбір көрпеде шебердің еңбегі, талғамы мен ұлттық мәдениетке деген құрметі көрініс тапты.

«Quraq Fest» – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, дәстүрлі өнерді дәріптеу арқылы қоғамдағы шығармашылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған мәдени бастама.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
116 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
103 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
148 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
177 0
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
255 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
280 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»