Заңнамадағы өзгерістер – қызметтегі жаңа талаптар
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Жайық қалашығы» тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңа талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар заң талаптарын ұйым қызметінде тиімді қолдану мәселелеріне назар аударылды.
Атап айтқанда, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны уақтылы реттеу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ерте анықтау және олардың алдын алу тетіктері қаралды.
Талқылау барысында нақты қызметтік жағдаяттар ұсынылып, заң талаптарына сәйкес әрекет ету тәртібі бойынша пікір алмасылды. Музей-қорық қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, заңнамадағы өзгерістерді практикада қолдану бойынша түсіндірмелер алды.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, заң талаптарын сақтау және ұйым қызметінде адалдық қағидаттарын нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ерлан Кошанов: наша задача – вовремя слышать и чувствовать настроения людей
Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті
The World Financial Review: как Казахстан изменил экономическую модель за семь лет президентства Токаева
БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Кіру