8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қыркүйек 2026 494 0
Өңір жаңалықтары

Оралда 140 отбасы баспаналы болды

Орал қаласында Қала күні мен Отбасы күніне орай жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Ақжайық шағынауданында бой көтерген бес қабатты үйден 140 отбасы баспаналы болды.

Жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Салтанатты шара барысында тұрғындарға жаңа баспаналарының кілттері табысталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Халықтық Конституция аясында азаматтардың әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде белгіленді. Осыған байланысты тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар өңірде жүйелі түрде жалғасып келеді.

Қазіргі таңда Орал қаласында 28 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл шаһарда 496 пәтер пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті мыңға жуық пәтерге жеткізу жоспарланған.

Жаңа тұрғын үйдің құрылысы «Болашақ-Т» ЖШС тарапынан жүргізілді. Пәтерлер қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған. Үйдің аумағы абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы, 2023 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысына 118,5 млрд теңге бағытталып, 6911 пәтер ел игілігіне берілді. Оның ішінде 3 мыңға жуық пәтер ауылдық елді мекендерде салынған.

Тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру және баспана кезегін кезең-кезеңімен қысқарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
116 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
103 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
148 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
177 0
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
255 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
280 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»