8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қыркүйек 2026 80 0
Мәдениет

«Тілдің мерейі – елдің мерейі»: Оралда қалалық тіл фестивалі өтті

Орал қаласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілін кеңінен насихаттау және тіл жанашырларының еңбегін дәріптеу мақсатында «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты қалалық тіл фестивалі өтті.

Мерекелік шараға тіл саласына жауапты мамандар, қоғам белсенділері мен тіл жанашырлары қатысты. Фестивальде қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызына тоқталды.

Шара аясында қазақ тілін дамытуға және оны насихаттауға үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа құрмет көрсетілді. Тіл жанашырларына «Қазақ тілінің жанашыры» төсбелгісі, Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар бірқатар азамат қалалық мәслихат төрағасының марапатына және Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Алғыс хатына ие болды.

Кеш барысында өңірге белгілі ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Әділет Орынбасаров сөз алып, Ақжайыққа арнаған туындысын көпшілік назарына ұсынды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – елдің ортақ міндеті. Ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, оның қадірін ұрпақ санасына сіңіру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Өйткені тілдің мерейі – елдің мерейі, ал оның болашағы – әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
122 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
310 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
299 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»