8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қыркүйек 2026 49 0
Спорт

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСЫРҒАН СПОРТШЫЛАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ муайтайдан әлем чемпионын қабылдады. Аймақ басшысы спортшылар мен бапкерлерді жарқын жеңістерімен құттықтап, олардың халықаралық бәсекелерде ел мерейін үстем еткенін атап өтті.

– Көшпенділер ойындары – кеше мен бүгінді жалғаған алтын арқау, ат үстіндегі халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрін жаңғыртатын жаһандық деңгейдегі бірегей мереке. Білектілер мен жүректілер ел намысын қорғап, сынға түсті. Дала додасында дараланған сіздер – біздің мақтанышымызсыздар! – деді Нариман Төреғалиев.

Биылғы VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 мемлекеттен 3 мыңға жуық өкіл қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 150-ден астам спортшы ел намысын қорғап, 74 медаль жеңіп алды және жалпыкомандалық есепте көш бастады. Ұлттық құрама сапында Батыс Қазақстан облысынан 7 спортшы өнер көрсетті.

Жерлестеріміз дүбірлі додада төрт медаль иеленді. Санжар Өмекей 12 шақырымдық құнан бәйгеде топ жарып, жеңімпаз атанды. Дәстүрлі садақ атудан Әсемгүл Ғалымжанова «Орта Азия» нысанасы бойынша 40 метр қашықтықтағы сайыста алтын медаль жеңіп алды. Жамбы атудың мажар стилінде Аружан Ықсан күміс жүлдеге қол жеткізсе, Еркебұлан Нығмет самбодан 76 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді. Ал Косова Республикасының Пея қаласында өткен 24 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы муайтайдан әлем чемпионатында Ерлан Шамарданов 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар мен бапкерлерді қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады. Кездесуде батысқазақстандық спортшылар да жоғары құрметке ие болды. Дәстүрлі садақ атудан жеңімпаз атанған Әсемгүл Ғалымжанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, жас шабандоз Санжар Өмекейге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды.

Кездесу соңында облыс әкімі спортшылар мен олардың бапкерлеріне алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»