Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Қала күніне арналған мерекелік онкүндік аясында Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі ұйымдастырылды. Бірінші Президент алаңында өткен ауқымды мәдени шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды.

Фестивальге Қазақстан, Түркия және Өзбекстаннан келген танымал орындаушылар мен музыкалық ұжымдар қатысты. Сахнада Жұбаныш Жексенұлы, Bayansulu, Тұрар, Мақсат Рахмет, Ақылбек Бектасов, Тілек Базаров, «СақТау» этно-фьюжн триосы, сондай-ақ Түркия мен Өзбекстаннан келген Murat Yaprak пен Севара Туланова өнер көрсетті.
Фестиваль бағдарламасында дәстүрлі өнер мен заманауи музыкалық бағыттар үйлесім тапты. Көрермендерге халық әндері, күйлер, жыр-термелер ұсынылып, ұлттық билер мен заманауи эстрадалық нөмірлер қойылды. Мерекелік кеш әсем отшашумен қорытындыланды.
Алғашқы «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі мерекелік онкүндіктің басты мәдени оқиғасына айналды. Жалпы, Орал қаласының күні аясында 30-ға жуық мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шара өткізілді.
Мереке аясындағы маңызды әлеуметтік оқиғалардың бірі — тұрғын үй кезегінде тұрған 140 отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі болды. Жаңа қоныс иелеріне Ақжайық шағынауданындағы жаңадан салынған үйден баспана берілді. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік несиелік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ұсынылды.
Баспанаға ие болғандардың қатарында тұрғын үй кезегін бес жылға жуық күткен көпбалалы ана Гүлзира Жақсылықова да бар. Бұған дейін оның отбасы пәтер жалдап тұрған.
— Пәтер кілтін алу отбасымыз үшін үлкен қуаныш болды. Біз бұл күнді ұзақ күттік. Қоныс тойымыздың Қала күнімен тұспа-тұс келгеніне ерекше қуаныштымыз. Енді балаларымыздың өз баспанасы бар, — деді Гүлзира Жақсылықова.
Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Оралда абаттандырылған үш жаңа сквер ашылды. Жаңа қоғамдық кеңістіктер тұрғындардың серуендеуіне, отбасылық демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне арналған.
Мерекелік спорттық бағдарлама да мазмұнды болды. «Жайық Арена» спорт кешенінде «Достық – Дружба» қаларалық волейбол турнирі ұйымдастырылса, Бірінші Президент алаңында «ORAL CUP – 2026» арқан тарту турнирі өтті.
Мерекелік іс-шаралар «Жайық жүйрігі – 2026» облыстық ат бәйгесімен жалғасты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 50 миллион теңгені құрады. Бас жүлделер ретінде пәтер мен автокөліктер табысталды.
Бұдан бөлек, қалада «Сапалы өнім – 2026» көрме-жәрмеңкесі өтіп, онда Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындары өздері өндірген өнімдерді таныстырды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ерлан Кошанов: наша задача – вовремя слышать и чувствовать настроения людей
Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті
The World Financial Review: как Казахстан изменил экономическую модель за семь лет президентства Токаева
БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Кіру


