8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2024 1978 0
Білім

Министр талапқа сай емес диплом берген университеттерді жазалау туралы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек берген дипломдары кәсіби біліктілік талаптарына сай болмаған университеттерден оқу ақысын қайтарып алу туралы ұсынысты қолдамайтынын айтты.

«Былтыр Қазақстанда кәсіби біліктіліктер туралы жаңа заң шықты. Осы заңды біз ақырындап, баяу енгізіп жатырмыз. Бұл заң бойынша мамандықтар реттелетін және реттелмейтін мамандықтар деп екіге бөлінеді. Ақырындап реттелетін мамандықтарға да мән беруіміз керек. Енді кейбір мамандық иелеріне еңбек нарығында жұмыс табу үшін диплом ғана жеткіліксіз. Сырттай тәуелсіз комиссия немесе орталық енді ол кісінің біліктілігін сертификаттаудан өткізіп растау керек. Қазір осы заңның ішінде «Біліктілікті тәуелсіз растау» деген ұғым бар. Сондықтан осы жұмыс ақырындап-ақырындап жасалып келе жатыр. Оны бірден енгізсе, біздің түлектеріміз де дайын емес, жоғары оқу орындары да дайын емес – үлкен проблема болады. Бірақ биыл осы жүйені сіздермен сынақтан өткізуіміз керек. Ол үшін бірнеше жоғары оқу орнын таңдап алуымыз керек. Диплом иесінің біліктілігі расталмаған жағдайда не істейді? Жұмыс беруші оқу бітірген маманды дипломымен қабылдамаса, оны оқытқан жоғары оқу орны қандай жауапкершілік арқалайды? Грантпен оқыса кім жауап береді, ақылы негізде оқыса кім жауап береді? Осы сияқты көптеген сұрақ шығып жатыр», – деді министр Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен форумда.

Саясат Нұрбек депутаттар тарапынан жазалаудың қатал түрі ұсынылғанын да айтып қалды.

«Мәжілісте осындай бір пікірлер айтылып жатыр. Түлектің біліктілігі расталмаған жағдайда оны оқытқан жоғары оқу орны жазасын шегу керек деп отыр. Ол жаза қаржылай тұрғыда болу керек деген ұстаным. Мысалы, Ұлыбританияда түлек тәуелсіз емтихан арқылы дипломындағы кәсіби біліктілігін растай алған күннің өзінде кейін жұмыста сол маманның кесірінен апат немесе басқа да келеңсіз жайт орын алса, компанияға үлкен бір шығын келсе, сақтандыру төлемінің 70-80 пайызын жоғары оқу орны мен біліктілік сертификатын берген тәуелсіз институт төлейді. Біздің институттар, жоғары оқу орындары ондайға дайын ба, дайын емес пе? Былай қарасаңыз өте қатал ұсыныс. Бірден айтайын, Мәжіліспен ақылдасып, ондай шараларды қолдаған жоқпыз. Біздің қазіргі ұстанымымыз – «Әлі дайын емеспіз». Кейін осыған өтуіміз керек. Сынақтан бірнеше университетте өткізіп көреміз. «Атамекен» палатасымен бірге, тәуелсіз сертификаттау институттарымен бір эксперимент жасауымыз керек. Стратегиямыз содан кейін ғана белгілі болады», – деді ведомство басшысы.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
131 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
325 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
325 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
782 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
850 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
868 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
890 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
910 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1279 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1405 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1436 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1711 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1723 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1851 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2143 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2242 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»